Image
22.12.2023
Erasmus+ ақпараттық күні
2023 жылғы 22 желтоқсанда Қазақстандағы Erasmus+ ұлттық кеңсесі Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігінің Елшісі Аса Мәртебелі Кестутис Янкаускас пен Қазақстандағы Erasmus+ ұлттық кеңсесінің бұрынғы үйлестірушісі Шайзада Тасболатованың қатысуымен Ақпараттық күнді өткізді.
Image
12.12.2023
Көкшетаудағы Erasmus+ ақпараттық күні
2023 жылдың 12 желтоқсанында NEO KZ үйлестірушісі Лаура Палуанова Шоқан Уалиханов атындағы университетте ақпараттық сессия өткізді, оған Кокшетау қаласындағы А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің, Гуманитарлық-техникалық академиясының және М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының өкілдері қатысты.
Image
03.11.2023
Алматы мен Талдықорған қалаларындағы Erasmus+ ақпараттық сессиялары
2023 жылдың 23 қазаны мен 3 қарашасы аралығында NEO KZ үйлестірушісі Лаура Палуанова Алматы және Талдықорған қалаларындағы жоғары оқу орындарында Erasmus+ бағдарламасы бойынша ақпараттық сессиялар өткізді. Баяндамамен Каспий университетінде, Сулейман Демирел университетінде, NARXOZ университетінде, КИМЭП Университетінде, Сәтбаев университетінде, Қ.Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университетінде, Қ.Сағадиев атындағы Қазақстан медицина университетінде, ҚБТУ, Тұран университеті, Абай атындағы ҚазҰПУ, Қазақ ұлттық мұғалімдер университеті және Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында сөз сөйледі.
Image
13.10.2023
Шығыс Қазақстандағы Erasmus+ ақпараттық сессиялары
2023 жылдың 8-13 қазанында NEO KZ үйлестірушісі Лаура Палуанова Шығыс Қазақстан облысындағы ЖОО-да Erasmus+ бағдарламасы бойынша ақпараттық сессиялар өткізді.
Image
14.09.2023
Солтүстік Қазақстандағы Erasmus+ ақпараттық сессиялары
2023 жылдың 3-14 қыркүйегі аралығында NEO KZ үйлестірушісі Лаура Палуанова Erasmus+ бағдарламасы бойынша ақпараттық сессияларды солтүстік аймақтық университеттерде өткізді.
Image
24.08.2023
EMJM 2023 студенттеріне арналған бағдарлау сессиясы
2023 жылдың 24 тамызында NEO KZ Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің қолдауымен Erasmus Mundus Joint Masters (EMJM) стипендиаттары үшін кету алдындағы бағдарлау онлайн кездесуін ұйымдастырды. Шараға ЕО елдерінің, соның ішінде Бельгия, Испания, Словакия, Эстония, Португалия және Финляндияның елшілері қатысты.
Image
06.06.2023
NEO KZ Көкшетау қаласына сапары
2023 жылдың 1-3 маусымында NEO KZ координаторы Лаура Палуанова Көкшетау қаласында болды. Сапар мақсаты Эразмус+ бағдарламасы туралы маңызды ақпаратты тарату және Шоқан Уәлиханов атындағы университетте Жоғары білім беру әлеуетін арттыру жобаларының жүзеге асырылу кезеңдерімен танысу болды.
Image
19.05.2023
NEO KZ Қырғызстандағы Erasmus+ ұлттық кеңсесіне сапары
2023 жылдың 16-19 мамырында NEO KZ үйлестірушісі Лаура Палуанова NEO Kyrgyzstan шақыруымен Бішкекке қ. сапар шекті. NEO KZ үйлестірушісі NEO Kyrgyzstan-мен кездесуден басқа Бішкектегі университеттерде, соның ішінде Халықаралық медицина мектебінде, Дипломатиялық академияда және Қырғыз мемлекеттік техникалық университетінде болды.
Image
30.04.2023
NEO KZ Астанадағы жоғары оқу орындарымен кездесуі
2023 жылдың 17-30 сәуірі аралығында NEO KZ Астанадағы 12 жоғары оқу орнында болды. Кезесулер жүргізілген университеттер тізімінде Назарбаев Университеті, Есіл университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Сейфуллин атындағы университет және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы бар.