Солтүстік Қазақстандағы Erasmus+ ақпараттық сессиялары

2023 жылғы 3–14 қыркүйек аралығында NEO KZ үйлестірушісі Лаура Палуанова Erasmus+ бағдарламасы бойынша ақпараттық сессиялар өткізу мақсатында Солтүстік Қазақстан өңірінің жоғары оқу орындарына барды. Сапар барысында университет басшылықтарымен кездесу, Erasmus+ бағдарламасы туралы жалпы сессиялар, ЖБӘА және Жан Моне бағыттары бойынша үміткерлерге арналған арнайы сессиялар, сондай-ақ Erasmus+ жобалары аясында құрылған зертханаларға экскурсиялар ұйымдастырылды. Сапар аясында келесі қалалар мен өңірлік жоғары оқу орындары қамтылды:

  • Қостанай: А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті, ҚР ІІМ Қостанай академиясы, М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті, З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті.
  • Рудный: Рудный индустриялық институты.
  • Арқалық: Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты.
  • Павлодар: С.Торайғыров атындағы университет, Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті, Инновациялық Еуразия университеті.
  • Екібастұз: Екібастұз техникалық-инженерлік институты.
  • Петропавл: М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті.

Нәтижесінде өңірлік жоғары оқу орындары Erasmus+ бағдарламасы туралы толық ақпарат алып, өздеріне тиімді бағыттарды айқындады және Қазақстан үшін қолжетімді Erasmus+ шараларына қатысу үшін пайдалы кеңестер алды.

Image