Ұлттық агенттіктер басқаруындағы Erasmus+ жобаларына (мысалы, Халықаралық кредиттік ұтқырлық) қатысатын ұйымдардың бірегей идентификаторы, яғни, қатысушының сәйкестендіру коды. Ұлттық агенттіктер басқаратын кез келген Erasmus+ жобасына жоба үйлестірушісі не серіктес ретінде қатысқысы келетін ұйымның немесе ЖОО-ның міндетті түрде тіркелген OID коды болуға тиіс.
Білім, мәдениет және аудиовизуалды құралдар жөніндегі Еуропалық атқарушы агенттіктің (EACEA) басқаруындағы Erasmus+ жобаларына қатысатын ұйымдардың бірегей идентификаторы, яғни, қатысушының сәйкестендіру коды. ЕАСЕА басқаратын кез келген Erasmus+ жобасына жоба үйлестірушісі не серіктес ретінде қатысқысы келетін ұйымның немесе ЖОО-ның міндетті түрде тіркелген PIC коды болуға тиіс.