Image

Erasmus+ жөнінде

Erasmus+ – Еуропалық Одақтың білім, кәсіби дайындық, жастар саясаты және спорт салаларына қолдау көрсету бойынша 1987 жылы ашылған бағдарламасы. 2021-2027 жж. Erasmus+ бағдарламасы әлеуметтік интеграцияға, экологиялық және цифрлық трансформацияға және жастардың демократиялық өмірге араласуын ынталандыруға аса көңіл бөледі. Бағдарлама ЕО пен әлемнің басқа елдері арасындағы ынтымақтастықты күшейтуді жалғастырмақ.    

Бағдарлама атауы Еуропаның түрлі университетінде сабақ беру мен оқу мақсатында саяхаттаған, Қайта өркендеу дәуірінің көрнекті голланд ғалымы философы, дәріскері Эразм Роттердамский есімінен шыққан. Сондай-ақ, Erasmus сөзі – университет студенттерінің ұтқырлығын арттыруға бағытталған еуропалық қауымдастықтың әрекет үлгісі дегенді білдіретін бэкроним (ағылш. European Region Action Scheme for the Mobility of University Students).

Image
Бағдарламаның жалпы мақсаты

Еуропадағы және одан да тыс адамдардың үздіксіз білім алуы арқылы олардың білім, мамандарды даярлау, жастар және спорт салаларындағы кәсіби және тұлғалық дамуына қолдау көрсету, осылайша тұрақты дамуға, сапалы жұмыс орындарын құруға, әлеуметтік ауызбірлікті қамтамасыз етуге, инновацияларды ынталандыруға, еуропалық сәйкестік пен белсенді азаматтық ұстанымға жағдай жасау.

Бағдарламаның 2021-2027 жылдарға бюджеті – 26,2 млрд. еуроны құрайды. Бұл бағдарламаның алдыңғы мерзімінің (2014-2020) бюджетінен екі есе көп.

Бағдарламаның басым бағыттары
Image
Инклюзия мен алуандық
Image
Цифрлық трансформация
Image
Қоршаған орта мен климат өзгерісімен күрес
Image
Демократиялық өмірге қатысу, жалпы құндылықтар және азаматтық белсендік