Image
Жоғары білімді реформалау ұлттық сарапшылар тобы жөнінде

Жоғары білімді реформалау ұлттық сарапшылар тобы (HERE-Higher Education Reform Experts) – жоғары білім беру жүйесі мен реформалардың дамуына, саясат пен реформалар әзірлеуде өздерінің сарапшылық білімдері мен тәжірибелерін ортаға салатын сарапшылар тобы. 

Жоғары білімді реформалау ұлттық сарапшылар тобының миссиясы үш бөліктен тұрады:
01
Жергілікті билік органдарымен ынтымақтастықта елдің жоғары білім беру жүйесіндегі модернизация стратегиялары мен реформаларын қолдау арқылы саясат әзірлеуге қолғабыс жасау, әсіресе білім беру бағдарламаларын әзірлеуде, басқару жүйесін жаңартуда ЖОО-лар жүйесін басқару мен қызмет етуіне, жоғары білім секторы мен қоғамдық-экономикалық орта арасындағы байланысты күшейтуге қолдау көрсету.
02
Erasmus+ не Еуропалық Комиссия басшылығымен құрылған басқа да бастамалар аясында түрлі саяси платформамен ынтымақтастықта ЕО-мен жоғары білім беру саласында саяси диалогты сақтау.
03
Erasmus+ және ЕО қаржыландыратын басқа да жобаларды олардың нәтижелері мен озық практикаларын және инновациялық бастамалар нәтижелерін тарату арқылы қолдау.