2023 жылғы 1–3 маусым аралығында NEO KZ Үйлестірушісі Лаура Палуанова Көкшетау қаласына іссапармен барды. Сапардың мақсаты — қаладағы жоғары оқу орындарымен кездесу өткізіп, әрқайсысымен байланыс орнату болды. Сапар аясында университет басшылығымен кездесулер, Erasmus+ бағдарламасы туралы жалпы ақпараттық сессиялар, ЖБӘА және Жан Моне бағыттары бойынша әлеуетті үміткерлерге арналған арнайы сессиялар, сондай-ақ Erasmus+ жобалары аясында құрылған зертханаларға экскурсиялар ұйымдастырылды.
Сапар барысында Көкшетаудың келесі жоғары оқу орындары қамтылды:
Нәтижесінде Көкшетау университеттері Erasmus+ бағдарламасы туралы толық ақпарат алып, өздері үшін маңызды бағыттарды айқындады және Қазақстан үшін қолжетімді Erasmus+ шараларына қатысуға қажетті пайдалы кеңестер алды.