2023 жылғы 22 желтоқсанда NEO KZ Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі Аса Мәртебелі Кестутис Янкаускас пен NEO KZ бұрынғы Үйлестірушісі Шайзада Тасболатованың қатысуымен Ақпараттық күн өткізді. Сондай-ақ Абай атындағы университеттің стратегия және интернационалдандыру жөніндегі Проректоры Ақтолқын Құлсариева мен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Гүлжан Джарасова сөз сөйледі. Іс-шараға Қазақстан бойынша 50-ден астам жоғары оқу орнынан 120-ға жуық офлайн және 97 онлайн өкіл қатысты. Елші Кестутис Янкаускас мырза Қазақстанның Erasmus+ бағдарламасының жетістіктері мен оның ұсынатын зор мүмкіндіктерін атап өтті. 2023 жылы бағдарламаға Қазақстаннан 280-ден астам студент пен 200 ғалым қатысты. Елші Еуропалық Одақтың Қазақстанмен ынтымақтастығын күшейтігу ашық екендігін атап өтті. Сондай-ақ Ақпараттық күннің ашылу салтанатында NEO KZ үйлестірушісі Лаура Палуанова биылғы жылы енгізілген жаңашылдықтарға тоқталып, жаңа 2024 жылғы Erasmus+ конкурсы туралы ақпарат берді.
Ашылу салтанатынан кейін Жоғары білім әлеуетін арттыру (ЖБӘА), Жан Моне, Халықаралық кредиттік ұтқырлық (ХКҰ), студенттер мен оқытушыларға арналған Erasmus Mundus Joints Masters бірлескен магистратура бағдарламасы жайлы параллельді сессиялар өткізілді. Тәжірибелі ЖОО-лардың спикерлері Erasmus+ бағдарламасына қатысу барысында алған құнды тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, Жоғары білім беруді реформалау ұлттық сарапшылар тобы (HERE) ақпараттық күн қатысушыларымен ЖОО-ларды интернационалдандыру және цифрландыру саласындағы тәжірибелерімен бөлісті.
Ақпараттық күн презентациялары мына сілтемеде қолжетімді.