2023 жылғы 23 қазан мен 3 қараша аралығында NEO KZ Үйлестірушісі Лаура Палуанова Erasmus+ бағдарламасы бойынша ақпараттық сессиялар өткізу мақсатында Алматы және Талдықорған қалаларындағы жоғары оқу орындарына сапар жасады. Сапар барысында университет басшылығымен кездесулер, Erasmus+ бағдарламасы туралы жалпы ақпараттық сессиялар, ЖБӘА және Жан Моне бағыттары бойынша үміткерлерге арналған арнайы сессиялар, сондай-ақ Erasmus+ жобалары аясында құрылған зертханаларға экскурсиялар өткізілді. Сапар аясында келесі жоғары оқу орындары қамтылды:
Жалпы сессиялардан бөлек, жобалық өтінім формаларын талқылауға және бәсекеге қабілетті жоба жазуға арналған пайдалы кеңестер берілген жеке кездесулер өткізілді. Кейбір жоғары оқу орнында NEO KZ үйлестірушісінің баяндамасына HERE тобының мүшесі, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Дана Абдрашева интернационалдандыру және жоғары білім берудегі цифрландыру тақырыбындағы презентациясымен қосылды.
Нәтижесінде университеттер Erasmus+ бағдарламасы туралы толық ақпарат алып, өздеріне тиімді бағыттарды айқындады және Қазақстан үшін қолжетімді Erasmus+ бастамаларына қатысуға қажетті пайдалы кеңестерге қол жеткізді. Сонымен қатар қатысушылар HERE өкілінен жоғары білімді интернационалдандыру және цифрландыру бойынша құнды ақпарат алды.