Шығыс Қазақстандағы Erasmus+ ақпараттық сессиялары

2023 жылғы 8–13 қазан аралығында NEO KZ үйлестірушісі Лаура Палуанова Erasmus+ бағдарламасы бойынша ақпараттық сессиялар өткізу мақсатында Шығыс Қазақстан өңірінің жоғары оқу орындарына барды. Сапар барысында университет басшылықтарымен кездесу, Erasmus+ бағдарламасы туралы жалпы сессиялар, ЖБӘА және Жан Моне бағыттары бойынша үміткерлерге арналған арнайы сессиялар, сондай-ақ Erasmus+ жобалары аясында құрылған зертханаларға экскурсиялар ұйымдастырылды. Сапар аясында келесі қалалар мен өңірлік жоғары оқу орындары қамтылды:

  • Өскемен: Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Қазақ-Америкалық еркін университеті.
  • Семей: Шәкәрім университеті, Семей Медицина университеті, Әлихан Бөкейхан университі.

Семей қаласына сапар барысында Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың Ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры, HERE тобының мүшесі Жадыра Қонурбаева Лаура Палуановаға қосылып, өз университеттің индустриямен ынтымақтастық тәжірибесі туралы ақпарат ұсынды.

Нәтижесінде өңірлік жоғары оқу орындары Erasmus+ бағдарламасы туралы толық ақпарат алып, өздеріне тиімді бағыттарды айқындады және Қазақстан үшін қолжетімді Erasmus+ шараларына қатысу үшін пайдалы кеңестер алды. Сонымен қатар, университеттер HERE тобының мүшесі бөліскен Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың тәжірибесіне негізделген өнеркәсіппен ынтымақтастықты қалай нығайтуға болатыны туралы маңызды ақпарат алды.

Image