2023 жылғы 16–19 мамыр аралығында жаңадан құрылған NEO KZ Үйлестірушісі Лаура Палуанова тәжірибе алмасу және білім бөлісу мақсатында Қырғызстандағы Erasmus+ ұлттық кеңсесіне жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында Лаура Палуанова NEO Қырғызстан командасымен кездесті, олардың жұмыс тәжірибесімен танысып, кеңсе жұмысын тиімді ұйымдастыру бойынша NEO Қырғызстан Үйлестірушісі Гүлнара Исаевадан құнды кеңестер алды.
Сонымен қатар, NEO KZ Үйлестірушісі Қазақстанмен бірлескен ЖБӘА жобаларын жүзеге асырып жатқан Бішкек қаласындағы бірнеше жоғары оқу орнына да барды. Атап айтқанда, Халықаралық медицина мектебі, Дипломатиялық академия және Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті.
Бұл сапар NEO Қазақстан мен NEO Қырғызстан арасындағы байланыстарды нығайтып, Бішкек университеттерімен ынтымақтастықты дамытудың жаңа мүмкіндіктерін ашты. Кездесу барысында аймақтық бірлескен жобалардың ағымдағы жай-күйі мен екі елдің қатысуымен жаңа бастамаларды іске асыру перспективалары талқыланды.