Erasmus+ 2026 конкурсы ашылды: Қазақстан университеттері мен ұйымдары үшін мүмкіндіктер

Қазақстандағы Erasmus+ ұлттық кеңсесі (NEO KZ) Erasmus+ 2026 конкурсының ресми түрде ашылғанын қуана хабарлайды. Барлық қызығушылық танытқан жоғары оқу орындар бағдарламаның әртүрлі бағыты бойынша жоба ұсыныстарын бере алады.

Бағдарламаның бағыттары және 2026 жылға өтінім тапсыру мерзімдері

Жан Моне- Еуропалық Одаққа интеграция мәселелері бойынша білімді таратуға бағытталған - 3 ақпан 2026 ж.

Жоғары білім беру әлеуетін арттыру (ЖБӘА)- университеттер әлеуетін күшейтуге және білім беру бағдарламаларын жаңартуға бағытталған - 10 ақпан 2026 ж.

Erasmus Mundus Joint Master Degrees (EMJM) және Erasmus Mundus Design Measure (EMDM)– бірлескен магистрлік бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру - 12 ақпан 2026 ж.

Халықаралық кредиттік ұтқырлық (ХКҰ) - Қазақстан, ЕО елдері және бағдарламаға қатысты үшінші елдер арасындағы студенттер мен қызметкерлердің қысқа мерзімді академиялық ұтқырлығын қолдау - 19 ақпан 2026 ж.

Өтінім дайындау және тапсыру

Өтінімдерді дайындамас және тапсырмас бұрын барлық қатысушыға келесі қадамдарды орындауға кеңес береміз:

  • 2026 жылға арналған Erasmus+ бағдарламасы бойынша жаңартылған Нұсқаулықты зерттеу

  • NEO KZ ұйымдастырған әр бағыт бойынша ақпараттық сессиялардың жазбаларын біздің сайттан қарау

  • Бұрынғы жобалардың деректер базасын біздің сайттағы «Жобалар» бөлімінде және Erasmus+ жобаларының нәтижелер платформасында тексеру

  • Әр бағыт бойынша өтінім әзірлеуге дайындық процесін тиімді ұйымдастыру үшін сайттағы әрекеттер алгоритмімен танысу

  • 2026 жылғы Конкурсқа арналған арнайы Google Drive папкасында орналасқан «Пайдалы сілтемелер» файлын тексеру

  • NEO KZ-тен кеңес алу

Барлық қызығушылық танытқан ЖОО-ны қолжетімді ресурстарды мұқият зерттеп, өтінімдерін алдын ала жоспарлауға және оларды уақытында тапсыруға шақырамыз.

Image