Жан Моне бастамалары жоғары білім беру саласында да, сондай-ақ білім мен кәсіптік оқытудың басқа салаларында да мүмкіндіктер ұсынады. Бұл бастамалар Еуропалық Одақтың интеграциясына қатысты мәселелер бойынша білімді таратуға үлес қосады. Қолдау келесі бағыттар бойынша көрсетіледі:
• Жоғары білім беру саласындағы Жан Моне әрекеттері
• Білім беру мен кәсіптік оқытудың басқа салаларындағы Жан Моне әрекеттері
• Жан Моне аясындағы саяси пікірталастар (жоғары білім беру және білім беру мен оқытудың басқа салалары)
Қазақстанның жоғары оқу орындары бүкіл әлем бойынша Еуропалық Одақты зерттеу саласындағы оқыту мен ғылыми-зерттеу қызметін қолдауға бағытталған жоғары білім беру саласындағы Жан Моне бастамаларына қатыса алады. Ал Еуропалық Одақты зерттеу дегеніміз – Еуропалық Одақтың тарихын, мақсаттарын, құрылымын, қызмет етуін және/немесе оның саясатын оқыту, оқу және зерттеу. Осыған орай, Қазақстанның жоғары оқу орындары Жан Моне бастамаларының жоғары білім беру саласындағы келесі түрлеріне қатысуға құқылы.
Жоғары білім жүйесіндегі Жан Моне мақсаттары:
Дүние жүзі бойынша ЕО зерттеу саласында озық тәжірибені дамыту
Фкадемиялық орта мен қоғам арасындағы диалогтың құрылуына қолғабыс ету
ЕО саясатын қолдау және оның бүкіл әлемдегі рөлін нығайту мақсатында білім мен ақпарат тарату
Академиялық орта мен мамандандырылған аудиториядан бөлек жалпы қоғамды қамту
ЕО құндылықтары туралы ақпарат тарату
Қазақстандық ЖОО-лар Жан Моненің келесі әрекеттеріне қатыса алады:
Жан Моне әрекеті |
Сипаттамасы |
Жоба ұзақтығы |
Грант сомасы |
Модуль |
ЕО зерттеулері саласында ЖОО ұсынатын оқу бағдарламасы не курсы. Модуль ұзақтығы – бір оқу жылында кем дегенде 40 сағат. Модульдер еуропалық зерттеулер саласындағы нақты бір пәнге арналуы мүмкін немесе көппәнді тәсілді қолдана отырып, бірнеше профессор мен сарапшының академиялық үлесіне негізделуі мүмкін. |
36 ай |
35 000 еуро |
Кафедра |
Жылына 90 сағаттан тұратын және бір оқытушы жүргізетін ЕО зерттеулері саласындағы оқу бағдарламалары немесе курстары. Кафедрада сондай-ақ қосымша сағат қарастырылуы мүмкін және оны қамтуға қосымша топ тартылуы мүмкін. |
36 ай |
60 000 еуро |
Озық тәжірибе орталығы |
ЕО мәселелері жөніндегі құзырет мен білім орталығы озық тәжірибе мен жоғары деңгейлі сарапшылардың құзырет орталығы ретінде қызмет атқаруға тиіс және еуропалық зерттеулер саласындағы түрлі пән мен ресурстардың синергиясын дамытуға, ортақ ұлтаралық іс-шаралар ұйымдастыруға жағдай жасауы қажет. |
36 ай |
100 000 еуро |