Image

ЖБӘА жөнінде ақпарат

2 басты әрекет (КА2) аясында қазақстандық ЖОО-лар Жоғары білім әлеуетін арттыру (ЖБӘА) жобаларына серіктес ретінде де, үйлестіруші ретінде де қатыса алады. ЖБӘА жобалары Бағдарламаға байланыспаған үшінші елдердегі жоғары білімнің өзектілігін, сапасын және модернизациясын қолдауға бағытталған және әлеуметтік-экономикалық қалпына келтіру, өсу мен даму мәселелерін, сондай-ақ экономикалық глобализация, адами дамудың төмендеуі, әлеуметтік, экономикалық және экологиялық теңсіздік секілді соңғы үрдістерге жауап беру мәселелерін шешеді. 

ЖБӘА міндеттері:

  • Жоғары білім саласының сапасын арттыру және оның еңбек нарығы мен қоғамның қажеттіліктеріне сәйкестігін қамтамасыз ету 

  • Инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу арқылы ЖОО студенттерінің біліктілік пен дағдылар деңгейін, жұмысқа тұру мүмкіндіктерін арттыру  

  • Жоғары білім саласында инклюзивті білімді, теңдікті және азаматтық құзыреттің дамуын қолдау 

  • Қызметкерлер, студенттер, сапаны қамтамасыз ету мен басқару жүйелері үшін білім беру әдістері мен бағалау механизмдерін жетілдіру  

  • Реформаларды жүзеге асыру және оларды қадағалау арқылы басқару мен қаржыландыру жүйелерін модернизациялау мақсатында ЖОО-лардың және жоғары білім беру саласы органдарының мүмкіндіктерін кеңейту 

  • Оқытушыларды даярлау және олардың біліктіліктерін үздіксіз арттыру жүйесін жетілдіру 

  • Институттар арасындағы ынтымақтастықты дамыту, әлеуетті арттыру және озық тәжірибемен алмасу 

  • Әлемнің түрлі өңірі арасындағы ынтымақтастықты ортақ бастамалар арқылы дамыту   


ЖБӘА жобалары үш бағытта жүзеге асады:

Бағыт

Жоба ұзақтығы

Грант сомасы

1 бағыт: Жоғары білімдегі ынтымақтастыққа қолжетімділікті арттыру  

Ынтымақтастық орнату мүмкіндіктерін арттыру мақсатында тәжірибесі аздау ЖОО-ларды ЖБӘА жобаларына тартуға бағытталған. Бұл бағыт аясында Бағдарламаға байланыспаған үшінші елдер ЖОО-лары арасындағы интернационалдандыру алшақтығын қысқартуға бағытталған жобалар қаржыландырылады.  

24 немесе 36 ай

200 000 – 400 000 еуро

2 бағыт: Жоғары білімдегі трансформацияға бағытталған серіктестік  

Тек ЖОО-ларға емес, бүкіл қоғамға әсер ететін, өзара білім мен озық тәжірибе алмасуға негізделген жоғары білім беру саласында жаңа тәсілдер мен бастамаларды енгізуге бағытталған. Бұл бағыт жобалары мақсатты ЖОО-ларға тіпті жоба мерзімінен кейін де маңызды да ұзақ мерзімді ықпал етіп, қоғамға пайда әкелуге тиіс.

24 немесе 36 ай

400 000 – 800 000 еуро

3 бағыт: Құрылымдық реформалар жобалары  

Әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктер мен білімге негізделген экономика құру мақсатын қанағаттандыру үшін жүйелі де тұрақты жоғары білім саласын қалыптастыруға бағытталған. Құрылымдық реформалар жобалары Бағдарламаға байланыспаған үшінші елдерде жоғары білім жүйесінің тұрақты да бірізді даму және инновацияларды қолдау бойынша қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады.

36 немесе 48 ай

600 000 – 1 000 000 еуро


ЖБӘА басымдықтары:

1. Жасыл мәміле 

2. Цифрлық трансформация

3. Мигранттар интеграциясы 

4. Басқару, бейбітшілік, қауіпсіздік және адами әлеуетті дамыту 

5. Тұрақты өсу және жұмыс 

  • қоршаған орта
  • экожүйелер мен биоалуандық
  • орман шаруашылығы
  • тұрақты ауылшаруашылық жүйелері
  • климат өзгерісіне тұрақтылық және зілзала/апат қаупін төмендету
  • энергетикалық қорлар
  • биоалуандықжер, су қорлары, мұхиттар мен ормандар
  • цифрлыққа өту 
  • ақпараттық технология саласының мамандары
  • бизнес-үдерістер талдауы
  • жасанды интеллект
  • үдерістер автоматизациясы/ робототехника
  • үлкен деректер аналитикасы
  • деректер мен цифрлық қауіпсіздік 
  • академиялық ұтқырлық  
  • қоғамдық ғылымдар  
  • теңдік, алуандық және инклюзия 
  • адам құқығы 
  • жаһандық басқару және дипломатия
  • денсаулық сақтау: вакциналарға, дәрі-дәрмектерге,медициналық технологияларға         қолжетімділік 
  • дағдыларды дамыту 
  • мемлекеттік саясат 
  • кедейлік мәселелерін зерттеу  
  • саяси экономика 
  • қауіпсіздік пен стратегия саласындағы зерттеулер  
  • бейбітшілік пен қақтығыс 
  • транспорт секторы  
  • кәсіпкерлік 
  • Африкадағы экономикалық  интеграция мен диверсификация
  • әлеуметтік, экологиялық және экономикалық зерттеулер тұрақтылыққа бағытталған тұрақты қаржыландыру  
  • тұрақты даму саласындағы зерттеулер  
  • әлеуметтік теңдік 
  • экономикалық басқару 
  • білім экономикасы

Бұл арада, Қазақстанды қоса алғанда, Орта Азия елдерінің (6 аймақ) ЖОО-лары қатысатын 1 және 2 бағыттағы (Strands 1, 2) жоба өтінімдеріне 1 (Жасыл мәміле), 2 (Цифрлық трансформация) және 5 (Тұрақты өсу және жұмыс) басымдық қолданылады. Яғни, қазақстандық ЖОО-лардың қатысуымен 1 және 2 бағыт аясында берілетін жоба өтінімдерінің тақырыбы жоғарыда көрсетілген үш басымдықтың біріне сәйкес болуға тиіс. Ал 3 бағыт (Strand 3) аясында берілетін жоба өтінімдері елге белгіленген Global Gateway басымдықтарына сәйкес болуы қажет. Аймақтық басымдықтарда өзгерістер болуы мүмкін. Сондықтан бұл ақпаратты конкурс ашылғаннан кейін конкурс құжаттарынан тексеруге кеңес береміз.


 

Қатысушы елдерді қамту жағынан ЖБӘА жобалары 3 түрге бөлінеді: 

Ұлттық жоба


Өңірлік жоба

Өңіраралық жоба

Бағдарламаға байланыспаған тек бір үшінші елдің ЖОО-лары қатысады. 


Бір өңірге жататын, Бағдарламаға байланыспаған бірнеше үшінші елдің ЖОО-лары қатысады. 

Бірнеше өңірге жататын, Бағдарламаға байланыспаған үшінші елдердің ЖОО-лары қатысады.

+ екі бөлек ЕО мүше-елдерінен немесе Бағдарламаға байланысқан үшінші елдерден кем дегенде екі ЖОО.


Қазақстандық ЖОО-лар қатысуымен ЖБӘА жобаларының дерекқоры «Жобалар» – «ЖБӘА жобаларының дерекқоры» бөлімінде берілген.