Image

ХКҰ туралы ақпарат

1 басты әрекет (КА1) аясында қазақстандық ЖОО-лар Халықаралық кредиттік ұтқырлық (ХКҰ) жобаларына серіктес ретінде қатыса алады. ХКҰ жобаларының үйлестірушісі тек ЕО мүше-елдер немесе Бағдарламаға байланысқан үшінші елдердің ЖОО-лары бола алады. ХКҰ жобалары ЖОО студенттері мен қызметкерлерінің алмасуын білдіреді:  

  • Студенттердің оқу ұтқырлығы  

  • Студенттердің тағылымдама/практика өту ұтқырлығы 

  • Қызметкерлердің сабақ беру ұтқырлығы 

  • Қызметкерлердің біліктілікті арттыру ұтқырлығы 

Ұтқырлық

Ұзақтығы

Жол жүру шығындарын қамту

Жеке қолдау

Студенттер ұтқырлығы


2 – 12 ай

28 – 1735 еуро 

(елге байланысты)

айына 800 – 900 еуро

(елге байланысты)


Студенттер ұтқырлығына кез келген бағдарлама мен кез келген деңгей студенттері (бакалавриат, магистратура, докторантура) қатыса алады. Шет елдегі оқу мерзімі студенттің Қазақстандағы жоғары оқу орнындағы оқу бағдарламасының бөлігі болуға тиіс. 

Қызметкерлер ұтқырлығы

 60 күн 

Серіктес университетте сабақ беру мақсатындағы ұтқырлық: аптасына кем дегенде 8 сағат. 

28 – 1735 еуро 

(елге байланысты)

14 күнге дейін: күніне 148  190 еуро (елге байланысты).
14 күннен кейін (15  60): соманың 70%. 

Қазақстандық ЖОО-лардың қатысуымен ХКҰ жобаларының тізімі «Жобалар» – « ХКҰ жобаларының дерекқоры » бөлімінде берілген.