Image

Erasmus Mundus жөнінде ақпарат

2 басты бағыт (КА2) аясында қазақстандық ЖОО-лар Erasmus Mundus әрекетіне қатыса алады. Бұл әрекет жоғары оқу орындарының академиялық озық тәжірибесін және әлемдік деңгейде интернационалдануын ілгерілетуге бағытталған. Ол магистратура деңгейіндегі оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады – бұл бағдарламалар Еуропадағы ЖОО тарапынан бірлесе әзірленіп, бірлесіп жүзеге асырылады және өзара мойындалады, сондай-ақ басқа елдердің оқу орындары үшін де ашық. Erasmus Mundus әрекетіне бір-бірінен тәуелсіз екі бағыт кіреді: Erasmus Mundus Joint Masters және Erasmus Mundus Design Measure. EMJM-ды іске асыру үшін алдын ала EMDM жобасын орындау міндетті емес. EMDM бойынша грант алу EMJM аясында автоматты түрде қаржыландыруды білдірмейді және EMDM жобасын аяқтау EMJM үшін іріктеу критерийі болып табылмайды.

Erasmus Mundus жөнінде қысқаша мәлімет:

Әрекет

Сипаттамасы

Жоба ұзақтығы 

Грант сомасы

1 лот: Erasmus Mundus Joint Masters (EMJM) 

ЖОО-лар консорциумының жоғары интеграцияланған халықаралық магистратура бағдарламаларын жүзеге асыруы 

74 ай 

Институционалды шығындар 

Әр қабылданған студент үшін айына 750 еуро;  

Жобаның максималды сомасы: 1 800 000 еуро. 

 

Жеке қажеттіліктерге кететін шығындар  

Жобаның максималды сомасы: 120 000 еуро. 

 

Студенттердің шәкіртақысына кететін шығындар 

Жобаның максималды сомасы: 2 016 000 еуро.  

2 лот: Erasmus Mundus Design Measure (EMDM) 

ЖОО-лар консорциумының жоғары интеграцияланған халықаралық магистратура бағдарламаларын әзірлеуі 

15 ай 

60 000 еуро 

Монобенефициарлық грант 


Erasmus Mundus Joint Masters (EMJM) – бұл ЖОО-лар консорциумының жоғары интеграцияланған халықаралық магистратура бағдарламаларын жүзеге асыруы. Консорциум құрамына үш түрлі елден кем дегенде үш ЖОО кіруге тиіс және ол үш елдің кемінде екеуі ЕО мүше-ел немесе Бағдарламаға байланысқан үшінші ел болуы қажет.

EMJM басты мақсаттары:

  • Еуропалық жоғары білім кеңістігінде және одан тыс академиялық ынтымақтастық арқылы ЖОО-лар сапасына, инновациясына, озық тәжірибесіне және олардың интернационалдануына қолдау көрсету

  • Еуропалық жоғары білім кеңістігінің сапасы мен тартымдылығын арттыру

  • Жоғары білім, инновация мен зерттеулер арасындағы синергияны күшейту

  • Магистратура бағдарламалары түлектерінің біліктіліктерін, дағдылары мен жұмысқа тұру мүмкіндіктерін арттыру

  • Қоғам мен нарық қажеттіліктеріне жауап беру


Erasmus Mundus Design Measure (EMDM) – бұл ЖОО-лар консорциумының жоғары интеграцияланған халықаралық магистратура бағдарламаларын әзірлеуі. Консорциум құрамына үш түрлі елден кем дегенде үш ЖОО кіруге тиіс және ол үш елдің кемінде екеуі ЕО мүше-ел немесе Бағдарламаға байланысқан үшінші ел болуы қажет. EMDМ болашақта ЖОО-ны EMJM бағдарламасына жетелейтін жақсы қадам болуы мүмкін. Алайда бұл міндетті шарт емес.  

EMDМ жобаларының болжалды нәтижелері:

  • ЖОО-лар консорциумы ұсынатын жоғары интеграцияланған магистратура бағдарламасын әзірлеу

  • Әлемнің ең үздік студенттерін тартуға талпыныс

  • Қабылданған барлық студент үшін міндетті физикалық ұтқырлық

  • Бағдарлама түлектерінің ортақ дәреже не бірнеше дәреже алуы

  • Бағдарламаны бірге дайындау

  • Ортақ іріктеу және мониторинг үдерістері

  • Ортақ әкімшілік және қаржылай басқару

  • Студенттерге ортақ жағдай

  • Бағдарламаны бірге дамыту және тарату

  • Серіктестік туралы және студентпен жасалатын келісім үлгісі

  • Дәрежені берудің ортақ саясаты