«EUROSOFT» жобасы 2023 жылдан 2026 жылға дейін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті (ЕҰУ) Халықаралық қатынастар факультетінде жүзеге асырылады. Жобаның мақсаты – Орта Азияда Еуропалық Одақтың (ЕО) жұмсақ күшінің таралуы мен әсерін зерттеу.
Жобаның негізгі міндеттері:
Жоба міндеттері ғылыми-зерттеу қызметімен қатар, Орта Азиядағы білім беру мекемелерінде еуропалық тақырыптағы пәндерді оқытуды жетілдіру және Еуропа тарихы мен саясатына байланысты пәндерді оқытуды әдістемелік қамтамасыз ету. Еуропалық интеграция, дипломатия және жұмсақ күш мәселелерін зерттейтін студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру және қолдау жоспарланған. Сондай-ақ, аймақтық мәселелер мен ЕО ықпалын еуропалық әріптестермен тығыз ынтымақтастықта зерттейтін Орта Азия, Моңғолия және Пәкістан елдері академиялық зерттеушілерінің тұрақты желісін құру да басты назарда. Білім мен идеяларды, зерттеу нәтижелерін тек академиялық ортада ғана емес, сонымен қатар Орта Азия елдерінің қоғамына тарату жобаның соңғы мақсаты болып табылады.
Осы жылы «EUROSOFT» жобасы соңғы кезеңіне жеткендіктен, қойылған міндеттердің көбісі орындалды; жоба тобы ауқымды ғылыми-зерттеу, әдістемелік, ғылыми-ұйымдастырушылық және ақпараттық-ағартушылық жұмыстарды жүзеге асырды.
Жобаны іске асырудың ең бастапқы кезеңінде, 2023 жылы Халықаралық қатынастар факультетінде Жан Моне «EUROSOFT» озық тәжірибе орталығы ашылды. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жобаның бірлескен құрылтайшысы ретінде орталықты қалыптастыруға өз үлесін қосты. Қазіргі таңда Орталық – Орта Азияда ЕО жұмсақ күшінің таралуын көрнекі түрде көрсететін оқу және зерттеу алаңы, сонымен қатар жобаның идеялары мен жетістіктерін насихаттайтын платформа. Орталықта студенттердің барлық деңгейі үшін дәрістер мен семинарлар және жобаның тақырыбы бойынша сұрақ-жауап, пікірталас ұйымдастырылады.
Оқыту және әдістемелік қамтамасыз ету саласындағы жұмыстар:
2026 жылдың сәуір айында үшінші Халықаралық қашықтан оқыту мектебін өткізу жоспарланып отыр.
Ғылыми-зерттеу аспектісінде:
Жазғы мектепті ұйымдастыруда басты рөл Қазақстандағы Еуропалық Одақ пен ЕО мүше елдердің дипломатиялық өкілдері жүргізетін дәрістерге беріледі.
Сонымен қатар, Қазақстанның сыртқы саясатының еуропалық бағыты, ЕО жағдайы және оның жұмсақ күші мәселелерін талқылау үшін сараптамалық алаң құру аясында Еуропа елдері ғалымдарының қатысуымен мына вебинарлар өткізілді:
Ақпараттық-ағартушылық аспектісінде:
Қоғамды ақпараттандыру және жобаның идеялары мен аралық нәтижелерін тарату мақсатында Жан Моне «EUROSOFT» орталығының сайты жұмыс істейді: https://eurosoft.enu.kz/kz.
Жобаны жүзеге асыру жоспарына сәйкес Жан Моне озық тәжірибе орталығында «Елші күні» өткізіледі. Бұл күні Қазақстандағы ЕО пен еуропалық елдердің дипломатиялық миссияларының басшылары Халықаралық қатынастар факультетінің студенттері мен оқытушыларына ЕО сыртқы саясатының стратегиясы мен жұмсақ күші тақырыбына дәрістер оқиды. Дәрістерден кейін дәстүрлі түрде Елшілер қатысушылардың сұрақтарына жауап береді. Қазақстандағы Венгрия Елшісі Отто Иван Рона мен Португалия Республикасы Елшілігі Миссиясының басшысы Жозе Атаиде Амаралдың дәрістері тыңдаушылардың зор қызығушылығын тудырды.
Жыл сайын 9 мамырда ЕҰУ студент жатақханаларында «Еуропа күні» атап өтіледі. Жоба командасының мүшелері студенттерге ЕО туралы бейнематериалдар көрсетеді, викториналар ұйымдастырады, жеңімпаздарға сыйлықтар табыстайды.
Осылайша, Жан Моне «EUROSOFT» орталығының командасы жобаны жүзеге асырудағы өз міндеттерін сәтті орындап келеді.