2026 жылдың қаңтар айында NEO KZ ЖБӘА және Жан Моне жобаларына өтінім берушілер үшін онлайн-сессиялар сериясын ұйымдастырды. Бұл сессиялардың мақсаты - сапалы жобалық өтінімдерді дайындаудың негізгі аспектілері туралы хабардарлықты арттыру және өтінімдерді сәтті тапсыруға арналған практикалық ұсыныстар беру.
2026 жылғы 13 қаңтарда «ЖБӘА 2026 жылғы сапалы жобалық өтінімдерді қалай дайындау керек» атты ақпараттық сессия өтті. Сессия барысында келесі мәселелер қаралды:
2026 жылғы конкурс бойынша негізгі жаңартулар: өтінімдерді тапсырудың негізгі кезеңдеріндегі жаңалықтар, Global Gateway бастамасының басымдықтары, жоғары оқу орны координатор ретінде тапсыра алатын өтінімдердің санына шектеулер және т.б.
Сессияға ел бойынша 36 жоғары оқу орнының 112 қатысушысы қатысты.
2026 жылғы 14 қаңтарда «Жан Моне 2026 жылғы сапалы жобалық өтінімді қалай дайындау керек» тақырыбында ақпараттық сессия өтті. Қатысушыларға Жан Моне бастамасының мақсаттары мен басымдықтары, жобалық өтінімнің құрылымы, бағалау критерийлері және негізгі талаптар бойынша толық шолу ұсынылды. Сессия барысында келесі мәселелер қаралды:
Сессиялардың жазбалары NEO KZ сайтының Іс-шаралар – Видеогалерея 2026 бөлімінде қолжетімді. Презентациялар NEO KZ сайтының Ресурстар - 2026 презентациялар бөлімінде қолжетімді.