Erasmus+ «Жоғары білім әлеуетін арттыру (CBHE)» жобалары конкурсының 2026 жылғы нәтижелері

Erasmus+ бағдарламасының Жоғары білім әлеуетін арттыру (ЖБӘА) 2026 жылғы жобалар конкурсының нәтижелеріне сәйкес, Қазақстан қаржыландыруға іріктелген 6 жобаға қатысады. Сонымен қатар, қазақстандық жоғары оқу орындары осы жобалардың 4-інде үйлестіруші (грантхолдері) ретінде жетекшілік етеді.

Бұл нәтиже қазақстандық жоғары оқы орындарының халықаралық білім беру бастамаларын жүзеге асырудағы әлеуетінің артып келе жатқанын және олардың жоғары білім беруді дамытудағы рөлдерінің нығайып келе жатқанын көрсетеді.

Жоба үйлестірушілері:

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті UNIFUND (3-бағыт, Басым бағыт: Тұрақты өсу және жұмыс) Қазақстан университеттерінде эндаумент-қорларды дамыту.

Алматы технологиялық университеті GreenTex (2-бағыт, Басым бағыт: Тұрақты өсу және жұмыс) Орта Азиядағы тоқыма білімін тұрақты және цифрлық трансформациялау саласында академиялық үздіктікті дамытуға бағытталған жасыл инновациялар желісі.

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті GreenPath (2-бағыт, Басым бағыт: Жасыл мәміле) Тұрақты даму құзыреттерін қалыптастыру, тұрақты экономиканы дамыту және Орта Азияда сапалы «жасыл» жұмыс орындарын құру үшін жоғары білім беру жүйелерін трансформациялау.

А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты INSPIRE 21 (1-бағыт, Басымдық: Тұрақты өсу және жұмыс) Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және XXI ғасырдағы тұрақты даму үшін құзыреттерді дамыту.

Қазақстандық жоғары оқу орындары келесі жобаларға серіктес ретінде қатысады:

DIETICA (3-бағыт, Басым бағыт: Тұрақты өсу және жұмыс) Халықаралық стандарттарға сәйкес Орта Азияда диетология саласындағы білім беруді дамыту.

FOOD4FUTURE (2-бағыт, Басым бағыт: Тұрақты өсу және жұмыс) Өзбекстан мен Қазақстанда тұтынушылардың дұрыс таңдауын қалыптастыру құралы ретінде азық-түлік өнімдерін реформуляциялау үдерістерін жетілдіру.

Erasmus+ ЖБӘА жобаларына алғаш рет қатысушы жоғары оқу орындары:

А.К. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты (Астана) – INSPIRE 21 жобасының үйлестірушісі

Zhanibekov University (Шымкент) – UNIFUND жобасының серіктесі

ЖБӘА жобаларына серіктес ретінде қатысатын қазақстандық жоғары оқу орындары:

  • Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті

  • С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті

  • М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

  • С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

  • Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

  • Қарағанды медицина университеті

  • Alikhan Bokeikhan University

  • Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

  • Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

  • Narxoz University

  • О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті

  • О. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті

Қазақстандық жоғары оқу орындарының Erasmus+ ЖБӘА жобаларына қатысуы халықаралық серіктестіктерді дамытуға, білім беру саласына инновациялық тәсілдерді енгізуге және Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінің әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.

Image