Erasmus Mundus Joint Master's 2026 студенттеріне арналған бағдарлау сессиясы

2026 жылғы 20 шілдеде Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігінде 2026 жылғы Erasmus Mundus Joint Master's (EMJM) бағдарламасына іріктелген студенттерге арналған сапар алдындағы бағдарлау сессиясы өтті. Іс-шара Қазақстандағы Erasmus+ ұлттық кеңсесі мен Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің бірлескен ұйымдастыруымен гибридті форматта өтті.

Сессияға барлығы 50 қатысушы қатысты. Олардың қатарында офлайн форматта қатысқан 10 жаңадан іріктелген студент, 2 қазіргі EMJM студенті және 1 бағдарлама түлегі, сондай-ақ Қазақстандағы Erasmus+ ұлттық кеңсесі мен еуропалық елдердің дипломатиялық өкілдіктерінен 9 өкіл және Қазақстанның әртүрлі өңірінен онлайн қосылған 28 қатысушы болды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – EMJM бағдарламасы бойынша оқу басталғанға дейін студенттерге жан-жақты қолдау көрсету болды.

Іс-шара аясында келесі міндеттер қойылды:

  • студенттерге қауіпсіз сапарға шығу, бағдарламалар жүзеге асатын елдерге сәтті бейімделу және оқу процесін жайлы бастау үшін қажетті өзекті ақпарат ұсыну;
  • EMJM бағдарламасының жаңа қатысушылары, қазіргі студенттері және түлектері арасында кәсіби байланыстарды дамытуға ықпал ету;
  • студенттерге сапарға дайындық кезеңінде қажетті ақпараттық және ұйымдастырушылық қолдау көрсету. Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Елшісі Алешка Симкич, Қазақстандағы Испания Елшісі Д. Луис Франсиско Мартинес Монтес және Португалия Елшісі Жозе де Каштро Атайде Амарал қатысушыларға алғыс сөздерін арнады.

Іс-шараға сондай-ақ Еуропа мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдері қатысты:

Рамазан Йылдыз мырза – Германия Елшілігінің мәдениет және баспасөз мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысы, Бірінші хатшы;

Золтан Ковечеш мырза – Венгрия Елшілігінің Үшінші хатшысы, сауда атташесі және консулы;

Себастьен де Куртуа мырза – Франция Елшілігінің мәдениет және ынтымақтастық мәселелері жөніндегі кеңесшісі.

Алғы сөздерден кейін Қазақстандағы Erasmus+ ұлттық кеңсесінің үйлестірушісі Лаура Палуанова EMJM бағдарламасы және стипендиаттар туралы статистикалық мәлімет берді.

Іс-шара аясында қатысушылар Еуропадағы оқу процесіне дайындалу үшін қажетті практикалық ақпарат алды. Атап айтқанда, оларға визаны рәсімдеу, сапарды ұйымдастыру, академиялық талаптар, медициналық сақтандыру, тұру мәселелері, қаржылық аспектілер және студенттік өмірдің ерекшеліктері жөнінде ақпарат берілді.

Бағдарлама түлектері Амина Бексултанова мен қазіргі EMJM студенттері Ғазиза Жакиянова және Марал Шағатайдың баяндамалары қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Олар оқу тәжірибелерімен бөлісіп, практикалық ұсыныстарын және болашақ студенттердің сұрақтарына жауап берді.

Бағдарлама сұрақ-жауап сессиясын да қамтыды. Оның барысында қатысушылар көшуге дайындық және оқу процесінің басталуына қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Ресми бөлім аяқталғаннан кейін қатысушыларға бір-бірімен танысуға, бағдарлама түлектерімен, қазіргі EMJM студенттерімен және дипломатиялық өкілдермен бейресми жағдайда қарым-қатынас жасауға мүмкіндік берген нетворкинг-сессия өтті.

Бағдарлау сессиясы EMJM 2026 студенттерін еуропалық университеттерде оқуларын бастауға жақсы дайындық болды. Іс-шара студенттердің ақпараттану деңгейін арттырып, оларды бағдарлама жүзеге асатын елдердің академиялық ортасына сәтті бейімделуге дайындады.

Іс-шара материалдары мына сілтемеде.

Іс-шара фотолары мына сілтемеде.

Іс-шара жазбасы мына сілтемеде.

Image