Erasmus+ Өңірлік ақпараттық күні және «Жоғары білімдегі жасанды интеллект» конференциясы

2026 жылғы 21–22 мамырда Қазақстандағы Erasmus+ Ұлттық кеңсесі (NEO KZ) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің және Білім, мәдениет және аудиовизуалды құралдар жөніндегі Еуропалық атқарушы агенттіктің қолдауымен Астана қаласындағы Сейфуллин университетінде Erasmus+ Өңірлік ақпараттық күнін және «Жоғары білімдегі жасанды интеллект» конференциясын өткізеді.

21 мамыр – Erasmus+ бағдарламасының Өңірлік ақпараттық күні Орта Азия елдерінің жоғары білімін дамытуға бағдарламаның тигізген әсері мен қатысудың үздік тәжірибелеріне арналған.

22 мамыр – Еуропалық Одақтан шақырылған сарапшылардың қатысуымен өтетін «Жоғары білімдегі жасанды интеллект» конференциясы. Талқылау барысында ЖИ-дің Орта Азия елдері жоғары білім жүйелеріне әсері қарастырылады.

Іс-шараның мақсаты:

  • Erasmus+ бағдарламасының қаржыландыру мүмкіндіктері мен негізгі басым бағыттары туралы хабардарлық деңгейін арттыру
  • Бәсекеге қабілетті жоба өтінімдерін әзірлеу бойынша ұсынымдар, сондай-ақ жобаларды іске асыру және басқару жөнінде практикалық кеңестер беру
  • Өңірлік нетворкинг пен серіктестікті қолдау мақсатында байланыс орнатуға, тәжірибе алмасуға және өңірлік жобаларды жүзеге асыру үшін әлеуетті серіктестерді анықтауға арналған платформа құру
  • ЖИ-дің Болон процесі мақсаттарына ықпалын бағалау және ЖИ құралдарының Еуропалық жоғары білім кеңістігі негіздерін қалай қолдайтынын немесе сынға алатынын талдау
  • Орта Азия елдерінің Министрліктері, зерттеушілері, заң шығарушылары және басқа да мүдделі тараптар арасында жоғары білім берудегі ЖИ-дің мүмкіндіктері мен тәуекелдері жөнінде диалог платформасын қалыптастыру
  • Болон процесі құндылықтарын сақтай отырып, ЖИ-ді жоғары білім беру саясаты мен практикасына жауапты әрі этикалық тұрғыдан енгізу бойынша ұсынымдар мен стратегиялар әзірлеу

Іс-шара Еуропалық Одақ пен Орта Азиядан келген сарапшыларды, жоғары оқу орындары өкілдерін, Министрліктерді, Erasmus+ ұлттық кеңселерін және HERE топтарын біріктіреді.

Бағдарлама аясында университеттерге Erasmus+ жобалары мен ЖИ саласындағы бастамалар көрмесіне қатысу мүмкіндігі беріледі.

Іс-шара бағдарламасы мында қолжетімді.

Image