Қазақстанның жыл сайынғы SPHERE конференциясы мен Болон процесі симпозиумына қатысуы

2025 жылғы 1-3 қазан аралығында қазақстандық делегация жоғары білімді реформалау сарапшыларын, саясаткерлерді және халықаралық мүдделі тараптарды біріктіретін, жыл сайынғы SPHERE конференциясына және Болон процесі симпозиумына белсенді қатысты.

Еуропалық Комиссияның қолдауымен SPHERE (Жоғары білімді реформалау ұлттық сарапшылар тобын қолдау және ілгерілету) тобы ұйымдастырған іс-шара 20-дан аса елден 60-70 қатысушының басын қосты. Оның ішінде Жоғары білімді реформалау ұлттық сарапшылар тобы (HERE) және Эразмус+ ұлттық кеңселері, Болон бақылау тобы (BFUG), сондай-ақ сапа жөніндегі халықаралық агенттіктер және университеттер өкілдері қатысты.

1-2 қазанда Бухарест политехникалық университетінде өткен Болон процесі симпозиумында Болон процесінің негіздері мен болашақ бағыттары талқыланды. Қамтылған негізгі тақырыптар:

  • Болон процесінің жетістіктері мен қазіргі қиындықтары
  • HERE елдеріндегі ұлттық реформалар тәжірибесі
  • EЖБК-дан тыс елдермен байланыс және жаһандық ынтымақтастық
  • Сапаны қамтамасыз ету стандарттары мен нұсқаулықтары (ESG) және ECTS пайдаланушы нұсқаулығы сияқты негізгі еуропалық құралдарды қайта қарау

Қазақстан атынан NEO KZ үйлестірушісі Лаура Палуанова және HERE сарапшылары Айнаш Кудышева, Дана Абдрашева және Рауза Мендалиева екі күндік Болон симпозиумына маңызды үлес қосты.

1 қазанда «HERE елдеріндегі Болон үдерісінің тәжірибесі» сессиясында Дана Абдрашева Қазақстанның Болон үдерісіне сәйкес келетін соңғы ұлттық бастамаларын таныстырды. Ол ұлттық іс-шаралардың нәтижелерін, олардың жоғары оқу орындарына қосатын үлесін және Қазақстанның Болон үдерісі қағидаттарын қалай енгізуді жалғастырып жатқанын талқылады.

2 қазанда Рауза Мендалиева «Жаһандық контекстегі EЖБК» сессиясына қатысып, Қазақстанның жоғары білім саласындағы жаһандық ынтымақтастықтағы рөлін атап өтті және оның Болон процесіне қатысуынан алған тәжірибесін талқылады. Айнаш Кудышева да цифрлық инновацияны талқылауға өз үлесін қосып, жасанды интеллектті жоғары білім беру жүйесіне енгізудегі қазақстандық тәжірибемен бөлісіп, Қазақстанның академиялық трансформацияға прогрессивті көзқарасын көрсетті.

Симпозиум аясында Болон процесіне қатысатын немесе одан шабыт алған аймақтар мен мекемелер арасында өзара білім алуға көмектесетін Eurydice, ENQA, БҰҰ БҒД және ұлттық министрліктер өкілдері қатысуымен сессиялар өтті.

Қазақстанның бұл шараға қосқан үлесі оның Болон үдерісінің мақсаттарына адалдығын және жоғары білім беру реформасы бойынша халықаралық диалогты қолдаудағы рөлін көрсетеді. ЕЖБК қағидаттарымен тығыз үйлесетін елдердің бірі ретінде Қазақстан сапаны қамтамасыз ету, интернационалдандыру және цифрлық трансформация саласындағы тәжірибесімен бөлісуді жалғастыруда.

Image