HERE тобының "Жоғары білімнің іргелі құндылықтары" дөңгелек үстелі

Қазақстанның жоғары білімді реформалау жөніндегі ұлттық сарапшылар тобы (бұдан әрі-HERE) өз қызметінің 2025 жылға арналған басым бағыттарының бірі ретінде "Жоғары білімнің іргелі құндылықтарын" айқындады. Бұл бағыт ұлттық басым реформаларға да сәйкес келеді. Сонымен қатар, бұл тақырыптың маңыздылығы осы құндылықтар қайта қаралған Тирандағы министрлер конференциясының арқасында күшейтілді. Сондықтан бұл ақпаратты еліміздің жоғары оқу орындарына тарату және жеткізу өте маңызды болды. Осы тақырыпты ілгерілету, сондай-ақ еліміздің жоғары білім беруіндегі құндылықтарды тиісінше іске асыруға жәрдемдесу үшін Қазақстандағы Erasmus+ ұлттық кеңсесі HERE тобымен бірлесіп 2025 жылғы 18 сәуірде Торайғыров университетінде гибридті форматта осы тақырып бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел аясында сарапшылар Жоғары оқу орнының бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақты даму факторы ретіндегі академиялық еркіндік, Институционалдық дербестік, Академиялық адалдық және ғылыми этика: оқыту мен зерттеу қызметіне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру, Университеттің стратегиялық дамуы мен басқаруындағы ПОҚ мен білім алушылардың дауысы, Жоғары білім үшін мемлекеттік жауапкершілік: жоғары білім берудің кілті сияқты тақырыптарда баяндамалар жасады.

Іс-шараның негізгі қорытындылары мен ұсынымдары:

  • Қатысушылар жоғары білімнің 6 іргелі құндылығы туралы тереңірек түсінік алды;
  • HERE сарапшыларының презентациялары негізінде әр құндылықтың мәні мен мағынасын зерттеді;
  • Өз жұмыс орындарында құндылықтарды жүзеге асыру кезінде кездесетін көзқарастары мен қиындықтарымен бөлісті және HERE сарапшыларынан, сондай-ақ аудиториядағы басқа әріптестерінен ұсыныстар алды;
  • Академиялық қоғамдастықтың әрбір мүшесінің (студент, ПОҚ, әкімшілік қызметкерлер) жоғары білімнің 6 іргелі құндылығын түсінудің және іске асырудың маңыздылығы және осы құндылықтарды имплементациялау үшін әрбір субъектінің жауапкершілігі туралы негізгі хабарлама берілді;
  • НЗА-да, "Білім туралы" заңда, жоғары оқу орындарының нормативтік құжаттарында іргелі құндылықтарды жүзеге асыру және академиялық мәдениетті қалыптастыруға, іргелі құндылықтарды іске асыруға барлық субъектіні тарту ұсынылады;
  • Тағы бір өңірлік қалада "Жоғары білімдегі сапа мәдениеті" тақырыбында да осындай іс-шара өткізу ұсынылады.

Дөңгелек үстелдің презентациялары мына сілтемеде қолжетімді.

Іс-шара жазбасы мына сілтемеде қолжетімді.

Image