Erasmus+ бағдарламасы аясындағы 2025 жылғы жоғары білім әлеуетін арттыру (ЖБӘА) жобалары конкурсының нәтижелері бойынша Қазақстан қаржыландыруға іріктелген 5 өңірлік жобаға енді және бір жобаның грантхолдері (үйлестірушісі) атанды:
- DIANA (1-бағыт, Басым бағыт: Тұрақты өсу және жұмыс, Грантхолдер – Қазақстан): Қазақстан мен Өзбекстанда ауыл туризмі кәсіпкерлігін дамыту және жүзеге асыру арқылы әйелдерді қолдау.
- MECAS (2-бағыт, Басым бағыт: Жасыл мәміле, Грантхолдер – Өзбекстан): Арал теңізі бассейініне әсер ету мақсатында экоинформатика бойынша магистрлік оқу бағдарламасын әзірлеу.
- Cyber4CA (2-бағыт, Басым бағыт: Цифрлық трансформация, Грантхолдер – Өзбекстан): Орталық Азияның цифрлық еңбек нарығына арналған киберқауіпсіздік бойынша инновациялық магистрлік білім беру бағдарламасын әзірлеу.
- GreenCA (2-бағыт, Басым бағыт: Жасыл мәміле, Грантхолдер – Норвегия): Орталық Азияда тұрақты даму үшін су саласындағы білім беруді экологияландыру.
- EduCATIA (3-бағыт, Басым бағыт: Цифрлық трансформация, Грантхолдер – Германия): Қазақстан мен Өзбекстан үшін жасанды интеллект технологиялары бойынша біліктілікті арттыру.
2025 жылғы ЖБӘА конкурсы нәтижелері бойынша қазақстандық ЖОО-лардың 17 қатысу фактісі тіркелді. Оның ішінде екі университет ЖБӘА жобаларына алғаш рет қосылды: Astana IT University және Қазақ спорт және туризм академиясы. Сондай-ақ Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті өз тарихында алғаш рет Грантхолдер атанып, DIANA жобасын үйлестіретін болды.
Қаржыландыруға іріктелген ЖБӘА жобаларына қатысушы 11 академиялық және 4 академиялық емес серіктес қатарына келесі жоғары оқу орындары мен ұйымдар енді:
- Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті
- Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті
- М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
- Қазақ спорт және туризм академиясы
- әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
- Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті
- Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті
- М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
- Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
- С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
- Astana IT University
- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
- Қазақстан ақпараттық қауіпсіздік қауымдастығы
- «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
- Excellent Educational Center
Жобалар жоғары оқу орындары мен академиялық емес ұйымдардың қатысуымен жүзеге асырылады. Бұл жоғары білім, ғылыми зерттеулер және инновациялар саласындағы өңірлік және халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, тұрақты дамуды ілгерілетуге ықпал етеді.