2025 жылғы 9 маусымда Бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу тақырыбында онлайн семинар өтті.

2025 жылғы 9 маусымда Бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу тақырыбында онлайн семинар өтті. Семинарды Қазақстандағы Erasmus+ ұлттық кеңсесі, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру комитеті және Жоғары білім беруді реформалау ұлттық сарапшылар тобы (HERE) бірлесе ұйымдастырды.

Семинарға еліміздің 40-тан астам жоғары оқу орнынан 100 ден аса өкіл қатысты. Қатысушылар қатарында проректорлар, декандар, кафедра меңгерушілері және білім беру бағдарламаларын дамытуға жауапты мамандар болды. Негізгі спикер ретінде Австриялық Грац университетінің Бірлескен білім беру бағдарламаларының жетекшісі Ульрике Краванья бірлескен бағдарламаларды жүзеге асырудағы еуропалық тәжірибемен бөлісті, серіктестіктің түрлі үлгісімен таныстырып, олардың арасындағы айырмашылықты түсіндірді. Топтық пікірталастар аясында қатысушылар бірлескен бағдарламаларды жүзеге асыруда туындайтын қиындықтарды талқылап, оларды шешу тәжірибелерімен алмасып, практикалық ұсыныстар әзірледі. Семинардың презентациялары осы сілтемеде қолжетімді.

Image