2025 жылғы 4 сәуірде NEO KZ Назарбаев Университетінде өткен және 120-дан астам компаниялар мен ұйымдарды біріктірген жыл сайынғы Бос лауазымдар жәрмеңкесіне қатысты. Іс-шара барысында 1200-ден астам студент Erasmus+ бағдарламасы ашатын мүмкіндіктер туралы мағлұмат алды.
NEO KZ бағдарламаның Халықаралық кредиттік ұтқырлық және Erasmus Mundus Joint Masters стипенлиялық магистратура бағдарламасы сияқты бағыттары туралы ақпарат ұсынды. Сондай-ақ NEO KZ кеңсесінде практика бағдарламаларын өту мүмкіндіктері туралы да ақпарат берілді.