2025 жылдың 23 мамырында Қарағанды Қазтұтынуодағы университетінің профессорлық-оқытушылар құрамына арналған Erasmus+ жобаларына өтінім беру бойынша ақпараттық сессия өтті. Іс-шараға Қазақстандағы Erasmus+ Ұлттық кеңсесінің үйлестірушісі Лаура Қалабайқызы Палуанова және университеттің ғылыми кеңесшісі Тасбулатова Шайзада Умирзаковна қатысты.
Іс-шараның мақсаты қатысушыларды бағдарламаның жаңалықтарымен, республикалық және аймақтық басымдықтармен таныстыру, сондай-ақ байқауларға қатысу бойынша практикалық ұсыныстар әзірлеу болды.
Бағдарлама аясында Жан Моне модульдеріне және жоғары білім әлеуетін арттыру жобаларына шолу жасалды, сәтті мысалдар талданды, практикалық тапсырмалар мен консультациялар қамтылды. Қатысушылар арасында жүзеге асырылып жатқан Erasmus+ жобаларының өкілдері, болашақ жобаларға өтінім берушілер және мүдделі тараптар болды. Іс-шара кәсіби байланыстардың кеңеюіне және шақырылған сарапшылармен тәжірибе алмасуға ықпал етті.