2025 жылдың 2-3 маусымында Қазақстанның Жоғары білімді реформалау жөніндегі Ұлттық сарапшылар тобы (HERE) атынан Серік Өмірбаев пен Гүлжан Жарасова және NEO KZ үйлестірушісі Лаура Палуанова Рабат қ. Мароккода өткен «Дәрежелердің соңы ма? Микробіліктілік, дағдылар және жұмысқа орналасу» семинарына қатысты. Іс-шара Оңтүстік Жерорта теңізі, Шығыс серіктестік, Орталық Азия және Батыс Балқан елдерінен 50 HERE және NEO сарапшыларын,соның ішінде жоғары оқу орындарының басшылығын, саясаткерлерді және студенттердің өкілдік органдарын біріктірді. Семинар барысында С.Өмірбаев пен Л.Палуанова микробіліктіліктерді әзірлеу, енгізу және тану бойынша Қазақстанның тәжірибесі жайлы презентация берді. Сонымен қатар NEO KZ пен NEO Қырғызстан бірлесіп 2024 жылы ұйымдастырған Техникалық көмек көрсету миссиясы (ТАМ) аясында микробіліктілік тақырыбы бойынша семинардан алған идеяларымен бөлісті. Семинар мазмұнды болды және қатысушыларға өз елдерінде аккредиттеу және микробіліктілік тақырыптарын тану және одан әрі жетілдіру бойынша идеяларды әзірлеуге көмектесті.