2025 жылдың 17 сәуірінде Торайғыров университетінде Erasmus + бағдарламасының ақпараттық күні өтті. Іс-шараға Павлодар қаласы университеттерінің профессор-оқытушылар құрамы мен әкімшілік қызметкерлері қатысты. Іс-шара барысында Қазақстандағы Erasmus+ ұлттық кеңсесінің үйлестірушісі Лаура Палуанова Erasmus+ бағдарламасы туралы ақпарат ұсынды, конкурсқа ерте дайындықтың маңыздылығын еске салды және ЖОО-ның Erasmus+ жобаларына қатысуының алдыңғы тәжірибесіне сүйене отырып, жобаларға қатысу бойынша нақты ұсыныстар берді.
Сондай-ақ, қазір жүзеге асып жатқан Agrokaz жобасының үйлестірушісі Виктор Камкин сөз сөйлеп, жоғары білім әлеуетін арттыру жобаларына қатысу бойынша тәжірибесімен және құнды ұсыныстарымен бөлісті.
Жалпы сессия аяқталғаннан кейін Үйлестіруші 2026 жылғы Жан Моне конкурсына қатысуды жоспарлап отырған әлеуетті қатысушылармен кездесті. Үйлестіруші олардың сұрақтарына жауап берді, сондай-ақ бәсекеге қабілетті жоба өтінімін қалай дайындау керектігін және өтінімді әзірлеу кезінде нені ескеру қажеттігін түсіндірді.