2025 жылдың 15 мамырында Қазақстандағы Erasmus+ Ұлттық кеңсесі Жоғары білімді реформалау ұлттық сарапшылар тобымен (HERE) және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары білімді дамыту ұлттық орталығымен бірлесіп Назарбаев Университетінде Болон процестері бойынша біліктіліктерді тану семинарын сәтті өткізді. Іс-шараға 100-ден астам жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.
Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінің негізгі мүдделі тараптары мен жетекші еуропалық сарапшылардың басын қосқан семинар Қазақстан 2010 жылдан бері белсенді түрде қатысып келе жатқан Болон процесінің маңызды аспектісі біліктілікті тану өзекті мәселесіне арналды.
Іс-шара Назарбаев Университетінің Студенттік істер және халықаралық қатынастар жөніндегі Вице-президенті Қадиша Даирова және Еуропалық Одақ Өкілдігінің Қазақстандағы Елшісі Аса Мәртебелі Алешка Симкич кіріспе сөздерімен ашылды. Семинарды Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары, HERE тобының мүшесі Гүлжан Джарасова жүргізді.
Негізгі баяндамалар CIMEA Бас директоры, Тану жөніндегі Лиссабон конвенциясының Президенті Лука Лантеро және CIMEA біліктіліктерді бағалау жөніндегі аға сарапшы және цифрлық трансформация жобасының жетекшісі Лука Феррантидің презентацияларын қамтыды.
Қатысушылар сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Жоғары білімді дамыту ұлттық орталығының сарапшыларынан Қазақстанның ұлттық біліктілік жүйесі туралы құнды ақпарат алды.
Семинардың нәтижелері қазақстандық және еуропалық институттар арасындағы ынтымақтастықты арттыруды, біліктіліктерді тану құралдарын цифрлық трансформациялау және неғұрлым интеграцияланған ұлттық біліктіліктерді тану жүйесін дамытуды қамтиды.
Семинар презентациялары осы сілтемеде қолжетімді.