2024 жылғы 5-6 наурызда NEO KZ Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесе отырып, Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Өкілдігі және Еуропалық Білім және Мәдениет жөніндегі Атқарушы Агенттік (EACEA) қолдауымен Техникалық көмек миссиясы (TAM) аясында "Білім беру мен оқытудың инновациялық стратегиясы: әдістері, технологиялары және құралдары" семинарын өткізді. Іс-шара Астана IT университетінде өтті.
Семинардың ашылу рәсімінде Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі Мәртебелі Кестутис Янкаускас, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мазмұны басқармасының басшысы Рысгуль Қудретуллаева және Astana IT университеті ректорының міндетін атқарушы, HERE тобының төрағасы Серик Омирбаев сөз сөйледі.
Семинардың негізгі спикері Аустриядан шақырылған сарапшы, Жоғары Австрия Білім беру университеті педагогикалық ғылымдар кафедрасының меңгерушісі, доктор Иан Бем болды. Ол оқыту мен оқудағы озық тәжірибелер мен инновациялық тәсілдермен таныстырды. HERE сарапшылары мен шақырылған спикерлер Қазақстан университеттерінде инновациялық оқыту мен оқу құралдарын енгізу тәжірибесімен бөлісті. Шараға 30-дан астам қазақстандық жоғары оқу орнының проректорлары, декандары мен кафедра меңгерушілері қатысты. Семинар озық тәжірибе алмасудың, жаңа білім алудың және қатысушылардың кәсіби желілерін кеңейтудің тиімді алаңына айналды.
Семинар презентациялары осы сілтемеде қолжетімді.