2024 жылғы 27-30 желтоқсанда Техникалық көмек көрсету миссиясы (ТАМ) аясында «Жасанды интеллекттің жоғары білім берудегі рөлі» тақырыбында екі күндік онлайн семинар өтті.

2024 жылғы 27-30 желтоқсанда Техникалық көмек көрсету миссиясы (ТАМ) аясында «Жасанды интеллекттің жоғары білім берудегі рөлі» тақырыбында екі күндік онлайн семинар өтті. Семинар барысында жоғары оқу орындарының өкілдері, зерттеушілер мен сарапшылар жасанды интеллектті жоғары оқу орындарына енгізудің негізгі аспектілерін талқылады.

Семинарға басты сарапшылары ретінде Тимишоара Политехникалық университетінің Цифрлық білім беру және қашықтықтан оқыту департаментінің директоры, доктор Диана Андоне, Румыния және Тимишоара Батыс университетінің психология кафедрасының доценті, доктор Габриэла Гроссек қатысып, ЖИ білімін кеңейтудегі сыни идеялары мен тәжірибелерімен бөлісті. Семинардың бірінші күні 300 адам, екінші күні 180-ден астам адам қатысты.

Семинарда ЖИ негізінде оқыту әдістерін оңтайландыру, педагогиканы, зерттеулерді жетілдіру және стратегиялық жоспарлау және жоғары оқу орындарында ЖИ қолдану үшін оқытудың басымдықтарын белгілеу бойынша бірнеше практикалық қорытындылар мен ұсыныстар жасалды.

Семинар презентациялары осы сілтемеде қолжетімді.

Image