Батыс Қазақстандағы Erasmus+ ақпараттық сессиялары

2024 жылғы 8–19 қыркүйек аралығында NEO KZ үйлестірушісі Лаура Палуанова Актөбе, Орал, Атырау және Ақтау қалаларының жоғары оқу орындарында Erasmus+ бағдарламасы бойынша ақпараттық сессиялар өткізді. Іссапар барысында университет басшылығымен кездесулер, Erasmus+ бағдарламасы бойынша жалпы сессиялар, ЖБӘА және Жан Моне бағыттары бойынша әлеуетті үміткерлерге арналған арнайы сессиялар, сондай-ақ Erasmus+ жобалары аясында құрылған зертханаларға экскурсиялар ұйымдастырылды. Сапар барысында Үйлестіруші келесі өңірлік жоғары оқу орындарына барды:

  • А.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
  • М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті
  • Байшев университеті
  • Жәңгір хан атындағы университет
  • Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті
  • Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
  • Ш.Есенов атындағы Атырау мұнай және газ университеті

Нәтижесінде, өңірлік университеттер Erasmus+ бағдарламасы туралы толық ақпарат алып, қатысуға мүдделі бағыттарын анықтап, бағдарлама аясындағы Қазақстан үшін қолжетімді іс-шараларға қатысу бойынша пайдалы кеңестер алды.

Image