Өңірлік ТАМ семинар "Микробіліктіліктер"

2024 жылдың 4–5 сәуірінде Техникалық көмек көрсету миссиясы (TAM) аясында Қазақстан мен Қырғызстанның жоғары оқу орындары және HERE сарапшыларының қатысуымен микробіліктіліктер тақырыбында өңірлік онлайн семинар өтті. Семинар барлық жоғары оқу орындарына ашық болды және проректорларды, декандарды, оқытушылар мен әкімшілік қызметкерлерді біріктірді. Университеттерден бөлек, қатысушылар қатарында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі, Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы және Тәуелсіз аккредитация және рейтинг агенттігінің өкілдері болды. Қатысушылардың жалпы саны — 243 адам (Қазақстан — 156, Қырғызстан — 87)болды. Іс-шараға арнайы шақырылған спикерлер: CIMEA-NARIC Италия директоры Кьяра Финоккьетти мен Румынияның Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету агенттігінің бас директоры Кристина Гитулица болды.

Семинар нәтижесінде қатысушылар Еуропадағы микробіліктіліктер туралы толық әрі нақты ақпарат алып, оларды әзірлеу мен енгізуге қатысты құнды мәліметтерге қол жеткізді. Екі елдің өкілдері тәжірибе алмасып, бір-бірінен көп мағлұмат алып, микробіліктіліктерді өз елдерінде дамыту мен енгізудің жаңа идеяларымен шабыттанды.

Іс-шара материалдары мына сілтемеде қолжетімді.

Іс-шара жазбасы мында қолжетімді: 1-күн; 2-күн.

Image