2024 жылдың 20–27 сәуірі аралығында NEO KZ үйлестірушісі Лаура Палуанова Erasmus+ бағдарламасы бойынша Алматы қаласының бірнеше жоғары оқу орнында ақпараттық сессиялар өткізді. Ақпараттық кездесулер келесі оқу орындарында ұйымдастырылды:
Сапарлар аясында университет басшылығымен кездесулер, Erasmus+ бағдарламасы туралы жалпы сессиялар, ЖБӘА және Жан Моне бағыттарына өтінім беруді жоспарлап отырған үміткерлерге арналған арнайы сессиялар, сондай-ақ Erasmus+ жобалары аясында құрылған зертханаларға экскурсиялар өткізілді.
Нәтижесінде жоғары оқу орындары Erasmus+ бағдарламасы туралы түсінігін арттырып, өздеріне сәйкес келетін әрекеттерді айқындады және Қазақстан үшін қолжетімді Erasmus+ шараларына қатысуға қажетті пайдалы кеңестер алды.