Орталық Қазақстандағы Erasmus+ ақпараттық сессиялары

2024 жылғы 18–21 маусым аралығында NEO KZ үйлестірушісі Лаура Палуанова Erasmus+ бағдарламасы бойынша Қарағанды, Теміртау және Жезқазған қалаларындағы жоғары оқу орындарында ақпараттық сессиялар өткізді. Іс-сапарлар барысында университет басшылығымен кездесулер, Erasmus+ бағдарламасы туралы жалпы сессиялар, ЖБӘА және Жан Моне бағыттары бойынша әлеуетті үміткерлерге арналған арнайы сессиялар, сондай-ақ Erasmus+ жобалары аясында құрылған зертханаларға экскурсиялар ұйымдастырылды. Сапар аясында Үйлестіруші келесі өңірлік жоғары оқу орындарын аралады:

  • Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті
  • А.Сәғинов атындағы Қарағанды техникалық университеті
  • Қарағанды медицина университеті
  • Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
  • Болашақ академиясы
  • Қарағанды индустриалдық университеті
  • О.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті

Нәтижесінде аймақтық жоғары оқу орындары Erasmus+ бағдарламасы туралы хабардарлығын арттырып, өздеріне сәйкес келетін әрекеттерді анықтап, Қазақстан үшін қолжетімді Erasmus+ шараларына қатысу үшін қажетті кеңестер алды.

Image