2024 жылдың 16 шілдесінде NEO KZ және Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Өкілдігі 2024 жылғы Erasmus Mundus Joint Masters (EMJM) стипендиаттары үшін бағдарлау сессиясын ұйымдастырды. Шараға Германия, Нидерланды, Португалия және Испания елшіліктерінің құрметті өкілдері қатысты.
Сессияны Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі Кестутис Янкаускастың стипендиаттарды құттықтау сөзімен ашты. Сондай-ақ Елші мырза Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы дамып келе жатқан қарым-қатынастарға тоқталып, Қазақстанның Еуропадағы елшілері ретінде студенттердің маңызды рөлін атап өтті. Сонымен қатар, Германияның Қазақстандағы Елшісі Моника Иверсен стипендиаттарды құттықтап, Erasmus+ бағдарламасы шын мәнінде Еуропалық Одақ, оған мүше мемлекеттер және әлемнің басқа елдері, соның ішінде Орталық Азия арасындағы көпір болып табылатынын атап өтті. Қазіргі EMJM студенті Рауан Әдікей, EMJM бағдарламасының түлектері Екатерина Бондаренко және Әмина Құсайынова тәжірибелерімен бөлісіп, EMJM бағдарламасының жаңадан қабылданған студенттеріне практикалық және пайдалы кеңестер берді. Сонымен қатар, қазіргі EMJM студенттері атынан құнды кеңестерге толы бейнебаян көрсетілді. Іс-шара стипендиаттарға бағдарлама бойынша Еуропада оқу және тұру туралы сұрақтар қоюға тамаша мүмкіндік берді.
2024 жылы 56 қазақстандық EMJM бірлескен магистрлік бағдарламасы аясында стипендия иегері атанды — бұл Еуропалық Одақтың ең бәсекеге қабілетті әрі беделді халықаралық білім беру бастамаларының бірі.
NEO KZ барлық стипендиатты шын жүректен құттықтап, оларға Еуропада табысты әрі жемісті оқу тілейді.