2024 жылдың 10-17 қазан аралығында NEO KZ үйлестірушісі Лаура Палуанова #ErasmusDays іс-шаралары аясында Қызылорда, Түркістан және Шымкент қалаларындағы жоғары оқу орындарында Эразмус+ бағдарламасы бойынша бірқатар ақпараттық сессиялар өткізді. Ақпараттық сессиялар Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде, Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде, Халықаралық туризм және қонақжайлық университетінде, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде, Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясында, О.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде, Шымкент университетінде, Орталық Азия инновациялық университетінде және «Мирас» университетінде өтті. Сапарлар барысында NEO KZ үйлестірушісі университеттердің басшылығымен кездесіп, Erasmus+ бағдарламасы туралы толық ақпарат беріп, жобаның әлеуетті топтарымен пікірталас жүргізді. Сонымен қатар NEO KZ үйлестірушісі алдағы Erasmus+ жобаларына қатысуды белсенді түрде насихаттады.