Испания ЖОО-ларымен байланыс орнату семинары

2024 жылңы 19 сәуірде NEO KZ үйлестірушісі Лаура Палуанова Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен Қазақстан және Испания университеттері арасында байланыс орнатуға бағытталған «Жоғары білім саласындағы ынтымақтастық: Испания-Қазақстан» халықаралық семинарына қатысты. Кездесуге Қазақстан және Испания университеттерінің 30-дан астам өкілі, Испанияның Қазақстандағы елшілігінің өкілдері қатысты. Үйлестіруші екі ел арасындағы Erasmus+ бағдарламасы аясындағы ынтымақтастық жайлы ақпара беріп, алдағы уақытта бұл ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. Іс-шара екі елдің жоғары оқу орындары арасында байланыс орнатуға және болашақ ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттарын талқылауға мүмкіндік берді.

Image