Image

Жоғары білім әлеуетін арттыру

2 басты әрекет (КА2) аясында қазақстандық ЖОО-лар Жоғары білім әлеуетін арттыру (ЖБӘА) жобаларына серіктес ретінде де, үйлестіруші ретінде де қатыса алады. ЖБӘА жобалары Бағдарламаға байланыспаған үшінші елдердегі жоғары білімнің өзектілігін, сапасын және модернизациясын қолдауға бағытталған және әлеуметтік-экономикалық қалпына келтіру, өсу мен даму мәселелерінсондай-ақ экономикалық жаһандану, адами дамудың төмендеуі, әлеуметтік, экономикалық және экологиялық теңсіздік секілді соңғы үрдістерге жауап беру мәселелерін шешеді. 

ЖБӘА жобалары үш бағытта жүзеге асады:

Бағыт

Жоба ұзақтығы

Грант сомасы

1 бағыт: Жоғары білімдегі ынтымақтастыққа қолжетімділікті арттыру  

Ынтымақтастық орнату мүмкіндіктерін арттыру мақсатында тәжірибесі аздау ЖОО-ларды ЖБӘА жобаларына тартуға бағытталған. Бұл бағыт аясында Бағдарламаға байланыспаған үшінші елдер ЖОО-лары арасындағы интернационалдандыру алшақтығын қысқартуға бағытталған жобалар қаржыландырылады.

24 немесе 36 ай

200 000 – 400 000 еуро

2 бағыт: Жоғары білімдегі трансформацияға бағытталған серіктестік  

Тек ЖОО-ларға емесбүкіл қоғамға әсер ететін, өзара білім мен озық тәжірибе алмасуға негізделген жоғары білім беру саласында жаңа тәсілдер мен бастамаларды енгізуге бағытталған. Бұл бағыт жобалары мақсатты ЖОО-ларға тіпті жоба мерзімінен кейін де маңызды да ұзақ мерзімді ықпал етіп, қоғамға пайда әкелуге тиіс.

24 немесе 36 ай

400 000 – 800 000 еуро

бағыт: Құрылымдық реформалар жобалары  

Әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктер мен білімге негізделген экономика құру мақсатын қанағаттандыру үшін жүйелі де тұрақты жоғары білім саласын қалыптастыруға бағытталған. Құрылымдық реформалар жобалары Бағдарламаға байланыспаған үшінші елдерде жоғары білім жүйесінің тұрақты да бірізді даму және инновацияларды қолдау бойынша қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады.   

36 немесе 48 ай

600 000 – 1 000 000 еуро


Қатысушы елдерді қамту жағынан ЖБӘА жобалары түрге бөлінеді:

Ұлттық жоба


Өңірлік жоба

Өңіраралық жоба

Бағдарламаға байланыспаған тек бір үшінші елдің ЖОО-лары қатысады.

Бір өңірге жататын, Бағдарламаға байланыспаған бірнеше үшінші елдің ЖОО-лары қатысады.

Бірнеше өңірге жататын, Бағдарламаға байланыспаған үшінші елдердің ЖОО-лары қатысады.

екі бөлек ЕО мүше-елдерінен немесе Бағдарламаға байланысқан үшінші елдерден кем дегенде екі ЖОО.


ЖБӘА жобаларына қатысуға ниетті ЖОО-лар «Мүмкіндіктер» – «ЖОО-ларға» бөліміндегі нұсқауларды орындауға тиіс.