1 басты әрекет (КА1) аясында қазақстандық ЖОО-лар Халықаралық кредиттік ұтқырлық (ХКҰ) жобаларына серіктес ретінде қатыса алады. ХКҰ жобаларының үйлестірушісі тек ЕО мүше-елдер немесе Бағдарламаға байланысқан үшінші елдердің ЖОО-лары бола алады. ХКҰ жобалары ЖОО студенттері мен қызметкерлерінің алмасуын білдіреді.
Студенттердің оқу ұтқырлығы
Студенттердің тағылымдама/практика өту ұтқырлығы
Қызметкерлердің біліктілікті арттыру ұтқырлығы
Қызметкерлердің сабақ беру ұтқырлығы
Ұтқырлық |
Ұзақтығы |
Жол жүру шығындарын қамту |
Жеке қолдау |
Студенттер ұтқырлығы |
2 – 12 ай |
28 – 1735 еуро (елге байланысты) |
айына 800 – 900 еуро (елге байланысты) |
Студенттер ұтқырлығына кез келген бағдарлама мен кез келген деңгей студенттері (бакалавриат, магистратура, докторантура) қатыса алады. Шет елдегі оқу мерзімі студенттің Қазақстандағы жоғары оқу орнындағы оқу бағдарламасының бөлігі болуға тиіс. |
|||
Қызметкерлер ұтқырлығы |
5 – 60 күн Серіктес университетте сабақ беру мақсатындағы ұтқырлық: аптасына кем дегенде 8 сағат. |
28 – 1735 еуро (елге байланысты) |
14 күнге дейін: күніне 148 – 190 еуро (елге байланысты).
|
ХКҰ жобаларына қатысуға ниетті ЖОО студенттері мен қызметкерлері ЖОО-ның халықаралық департаментіне немесе ұтқырлық бағдарламаларына жауапты бөлімге хабарласуы керек. Сондай-ақ, «Мүмкіндіктер» – «Индивидуумдарға» бөліміндегі ақпаратпен танысып шығуға кеңес береміз. ХКҰ жобаларына қатысуға ниетті ЖОО-лар «Мүмкіндіктер» – «ЖОО-ларға» бөліміндегі нұсқауларды орындауға тиіс. |