Сонымен қатар, 2 басты бағыт (КА2) аясында қазақстандық ЖОО-лар Erasmus Mundus әрекетіне қатыса алады. Бұл әрекет жоғары оқу орындарының академиялық озық тәжірибесін және әлемдік деңгейде интернационалдануын ілгерілетуге бағытталған. Ол магистратура деңгейіндегі оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады – бұл бағдарламалар Еуропадағы жоғары оқу орындары тарапынан бірлесе әзірленіп, бірлесіп жүзеге асырылады және өзара мойындалады, сондай-ақ басқа елдердің оқу орындары үшін де ашық. Erasmus Mundus әрекетіне бір-бірінен тәуелсіз екі бағыт кіреді: Erasmus Mundus Joint Masters және Erasmus Mundus Design Measure. EMJM-ды іске асыру үшін алдын ала EMDM жобасын орындау міндетті емес. EMDM бойынша грант алу EMJM аясында автоматты түрде қаржыландыруды білдірмейді және EMDM жобасын аяқтау EMJM үшін іріктеу критерийі болып табылмайды.
|
Әрекет |
Сипаттамасы |
Жоба ұзақтығы |
Грант сомасы |
|
1 лот: Erasmus Mundus Joint Masters (EMJM) |
ЖОО-лар консорциумының жоғары интеграцияланған халықаралық магистратура бағдарламаларын жүзеге асыруы |
74 ай |
Институционалды шығындар Әр қабылданған студент үшін айына 750 еуро; Жобаның максималды сомасы: 1 800 000 еуро.
Жеке қажеттіліктерге кететін шығындар Жобаның максималды сомасы: 120 000 еуро.
Студенттердің шәкіртақысына кететін шығындар Жобаның максималды сомасы: 2 016 000 еуро.
|
|
2 лот: Erasmus Mundus Design Measure (EMDM) |
ЖОО-лар консорциумының жоғары интеграцияланған халықаралық магистратура бағдарламаларын әзірлеуі |
15 ай |
60 000 еуро |
Erasmus Mundus жобаларына қатысуға ниетті ЖОО-лар «Мүмкіндіктер» – «ЖОО-ларға» бөліміндегі нұсқауларды орындауға тиіс.
Erasmus Mundus Joint Masters магистратура бағдарламаларына қатысуға ниетті тұлғаларға «Мүмкіндіктер» – «Индивидуумдарға» бөліміндегі ақпаратпен танысуға кеңес береміз.