Image

Жан Моне жобаларына қатысуға ниетті ЖОО-ларға арналған әрекеттер алгоритмі

Әрекеттердің бірыңғай не әмбебап алгоритмі жоқ. Дегенмен төменде берілген әрекеттер реті сізге үдеріске дайындығыңызды құрылымдауға көмектесуі мүмкін.  


1. Жан Моне Жан Моне жоба өтінімінің идеясы/тақырыбы

Erasmus+ бағдарламасының кез келген конкурсына дайындықты Бағдарлама нұсқаулығын зерттеуден бастауға кеңес береміз. Онда әр әрекеттің мақсаты, міндеті, басымдықтары туралы егжей-тегжейлі мәлімет берілген. Нұсқаулық «Жан Моне бойынша пайдалы материалдар» бөлімінде, сонымен қатар сайтымыздың «Пайдалы материалдар» бөлімінде қолжетімді.

Кез келген жоба идеядан басталады. Идеяның негізінде жоба өтінімінің тақырыбы құралады. Жоба өтінімінің идеясын қалыптастырмас бұрын, келесі материалдарды зерделеп шығуға кеңес береміз

  • Erasmus+ бағдарламасының нұсқаулығы. Онда Жан Моне жобаларының мақсаттары, міндеттері, басымдықтары, жоспарлы нәтижелері, жоба түрлерінің арасындағы айырмашылықтар туралы егжей-тегжейлі мәлімет берілген.

  • Қазақстандық ЖОО-лардың қатысуымен Жан Моне жобаларының дерекқоры. Құжатта қазақстандық ЖОО-лардың қатысуымен өткен бұрынғы Жан Моне жобалары мен қазіргі жобалар бойынша ақпарат берілген.

  • Жобалар нәтижелері платформасы. Бұнда Erasmus+ бағдарламасы аясында қаржыландыру алған барлық жоба туралы мәлімет берілген.

  • Осы әрекет бойынша NEO KZ жүргізген ақпараттық сессиялар жазбасын тыңдап шығыңыз. Сілтемелер төмендегі «Жан Моне бойынша пайдалы материалдар» бөлімінде берілген.


2. Жан Моне Жан Моне жоба өтінімін әзірлеу

Жоба өтінімін әзірлеуді бастау үшін өткен жылғы өтінім формасын қарап шығуға кеңес береміз. Дегенмен конкурс ашылғаннан кейін міндетті түрде FTP порталында берілетін өтінім формасын қолдану қажет. Өткен жылдардағы өтінім формаларының үлгілері «Жан Моне бойынша пайдалы материалдар» бөлімінде берілген.


3. Жан Моне Жан Моне жоба өтінімін беру

Конкурс ашылғанға дейін:

  • ЕАСЕА жүргізетін онлайн ақпараттық сессияларға қатысыңыз. Онда конкурс жайында өзекті ақпарат және бәсекелес жоба өтінімін дайындау бойынша құнды кеңестер беріледі.  

  • Жаңартылған Erasmus+ бағдарламасының нұсқаулығын қарап шығыңыз, себебі ол жыл сайын конкурс ашылуына таман жаңартылып отырады.

Конкурс жарияланғаннан кейін конкурс құжаттарымен, өтінім формасымен, бюджет кестесімен т. б. танысып шығыңыз. Сонымен қатар NEO KZ жүргізетін ақпараттық және тренинг сессияларына қатысыңыз. 

Жоба өтінімін FTP порталында ЖОО өкілі береді. Модуль, Кафедра және Озық тәжірибе орталығына жоба өтінімін беру консорциумды талап етпейді. Жоба өтінімін қазақстандық ЖОО өзі береді. Жоба өтінімін беру үдерісін соңғы мерзімнен көп уақыт бұрын аяқтауға кеңес береміз. 


4. Жан Моне Жан Моне жобалары конкурсының нәтижелері

Әдетте конкурстық іріктеу нәтижелері жылда шілденің соңында не тамыздың басында белгілі болады. Жан Моне өтінім жобасын берген ЖОО өкілі конкурс нәтижелері туралы хабарламаны FTP порталынан алады. NEO KZ та конкурс нәтижелері туралы ақпаратты өз сайтында және әлеуметтік желідегі арналарында жариялайды. 


5. Декларация мен гранттық келісімге қол қою; Жан Моне жобасының басталуы

Жоба қаржыландыруға іріктеген жағдайда үйлестіруші FTP порталында тиісті құжаттарға қол қоюы қажет. Порталда құжаттарға қол қоюда қиындық туған жағдайда NEO KZ хабарласу қажет. Барлық тиісті құжатқа қол қойылғаннан кейін жобаны жүзеге асыру басталады.