Image

Erasmus Mundus жобаларына қатысуға ниетті ЖОО-ларға арналған әрекеттер алгоритмі

Әрекеттердің бірыңғай не әмбебап алгоритмі жоқ. Дегенмен төменде берілген әрекеттер реті сізге үдеріске дайындығыңызды құрылымдауға көмектесуі мүмкін.

1. EMDM EMJM бағдарламалары каталогын зерттеу және ЖОО-ның EMJM аясында ұсына алатын немесе EMDM аясында әзірлей алатын магистратура бағдарламасын анықтау 

Erasmus+ бағдарламасының кез келген конкурсына дайындықты Бағдарлама нұсқаулығын зерттеуден бастауға кеңес береміз. Онда әр әрекеттің мақсаты, міндеті, басымдықтары туралы егжей-тегжейлі мәлімет берілген. Нұсқаулық «Erasmus Mundus бойынша пайдалы материалдар» бөлімінде және сайтымыздың «Пайдалы материалдар» бөлімінде қолжетімді. Сондай-ақ осы тақырыпта NEO KZ жүргізген ақпараттық сессиялардың жазбаларын тыңдап шығуға кеңес береміз. Сілтемелер «Erasmus Mundus бойынша пайдалы материалдар» бөлімінде берілген. 

EMJM аясында қандай бағдарламалар жүзеге асырылатынын түсіну үшін және қандай консорциумдар бар екенін білу үшін қазіргі EMJM жобаларымен танысып шыққан жөн. Жобаларға сілтеме «Erasmus Mundus бойынша пайдалы материалдар» бөлімінде берілген. Қазақстандық ЖОО-лар EMJM магистратура бағдарламасын жүзеге асыру байынша бар консорциумдардың біріне немесе жаңа консорциумға қосыла алады. Қазір жүзеге асып жатқан бағдарламалармен әлі қамтылып үлгермеген бағыттарды ұсынуға және консорциумға әлі кеңінен таныла қоймаған ЕО мүше-елдер мен Бағдарламаға байланысқан үшінші елдерді тартуға кеңес береміз. 

EMDM жағдайында консорциуммен біріге отырып, жаңа магистратура бағдарламасын әзірлеу көзделгендіктен, жоғарыда көрсетілген материалдарды зерделегеннен кейін ЖОО консорциуммен біріге қандай магистратура бағдарламасын әзірлеуді жоспарлайтынын түсінуі қажет. Қазір жүзеге асып жатқан бағдарламалармен әлі қамтылып үлгермеген бағыттарды ұсынуға және консорциумға әлі кеңінен таныла қоймаған ЕО мүше-елдер мен Бағдарламаға байланысқан үшінші елдерді тартуға кеңес береміз 


2. EMJM/EMDM жоба өтінімдері бойынша серіктестермен келіссөз 

Қандай магистратура бағдарламасын жүзеге асыратынын немесе әзірлейтінін анықтаған соң, қазақстандық ЖОО ЕО мүше-елдер мен Бағдарламаға байланысқан үшінші елдердегі тиісті серіктестерге хабарласып, EMJM/EMDM конкурсына қатысу мүмкіндігін талқылауға тиіс. 


3. EMJM/EMDM жоба өтінімін әзірлеу 

Жоба өтінімін әзірлеу – бүкіл консорциумның жауапкершілігі. Сондықтан қазақстандық ЖОО серіктес рөлінде болса, үйлестіруші ЖОО-ға жоба өтініміне қажетті барлық ақпаратты уақытылы беруі қажет. 


4. EMJM/EMDM жоба өтінімін беру 

Конкурс ашылғанға дейін: 

  • ЕАСЕА жүргізетін онлайн ақпараттық сессияларға қатысыңыз. Онда конкурс жайында өзекті ақпарат және бәсекелес жоба өтінімін дайындау бойынша құнды кеңестер беріледі.   

  • Жаңартылған Erasmus+ бағдарламасының нұсқаулығын қарап шығыңыз, себебі ол жыл сайын конкурс ашылуына таман жаңартылып отырады. 

 Конкурс жарияланғаннан кейін конкурс құжаттарымен, өтінім формасымен, бюджет кестесімен т. б. танысып шығыңыз. Сонымен қатар NEO KZ жүргізетін ақпараттық және тренинг сессияларына қатысыңыз.  

 Жоба өтінімін FTP порталында үйлестіруші ЖОО береді. Жоба өтінімін беру үдерісін соңғы мерзімнен көп уақыт бұрын аяқтауға кеңес береміз. 


5. EMJM/EMDM жобалары конкурсының нәтижелері   

Әдетте конкурстық іріктеу нәтижелері жылда шілденің соңында не тамыздың басында белгілі болады. Үйлестіруші ЖОО және консорциумның барлық мүшесі конкурс нәтижелері туралы хабарламаны FTP порталынан алады. NEO KZ та конкурс нәтижелері туралы ақпаратты өз сайтында және әлеуметтік желідегі арналарында жариялайды.  


6. Декларация мен гранттық келісімге қол қою; EMJM/EMDM жобасының басталуы 

Жоба қаржыландыруға іріктеген жағдайда консорциумның барлық мүшесі FTP порталында тиісті құжаттарға қол қоюлары қажет. Порталда құжаттарға қол қоюда қиындық туған жағдайда NEO KZ хабарласу қажет. Барлық тиісті құжатқа қол қойылғаннан кейін жобаны жүзеге асыру басталады.