Image

Erasmus Mundus Joint Masters магистратура бағдарламасы жөнінде ақпарат

Erasmus Mundus Joint Masters (EMJM) – кемінде үш түрлі елден шыққан, оның ішінде міндетті түрде кемінде екеуі ЕО мүше-елдер және Бағдарламаға байланысқан үшінші елдер болып табылатын, жоғары оқу орындарының консорциумы бірлесіп әзірлейтін және жүзеге асыратын толықтай интеграцияланған халықаралық магистрлік бағдарлама. Осыған байланысты бағдарлама кемінде екі түрлі ЕО мүше-елдер немесе Бағдарламаға байланысқан үшінші елде өтетін оқу кезеңін қамтиды.

EMJM бағдарламасының ұзақтығы

12 айдан бастап 24 айға дейін

EMJM аясында алынатын кредит саны  

60, 90 немесе 120 ЕСТS кредиті

Бағдарламаны сәтті аяқтау нәтижесі 

2 немесе одан көп ЖОО-дан берілетін ортақ диплом немесе әр ЖОО-дан бөлек диплом 

Бағдарламаның артықшылықтары 

  • Келесі шығындарды қамтитын толық стипендия: 

- оқу ақысы 

- медициналық сақтандыру 

- жол жүру шығындары 

- 1400 еуро көлемінде айлық шәкіртақы 

- бастапқы шығындарғы берілетін қаражат 

  • мобильдік (әр семестрде жаңа елге көшу) 

  • үлкен нетворкинг (әлімнің түпкір-түпкірінен достар табу) 

  • оқу кезінде практика өту мүмкіндіктері  

  • жаңа елдің мәдениеті мен тарихына ену, ой-өрісіңді кеңейту мүмкіндігі  

  • университеттер ұйымдастыратын түрлі экскурсия мен турға қатысу  

Өтінім беру мерзімі 

  • Конкурстың ашылуы: күз (қазан-қараша) 

  • Өтінім берудің соңғы күні: қаңтар-ақпан (әр бағдарламаға байланысты, бағдарлама сайтынан тексеру қажет) 

  • Іріктеу нәтижелері: наурыз-сәуір 

  • Жолға дайындалу (виза рәсімдеу, кетер алдындағы ориентация сессиясына қатысу) 

  • Бағдарламаның басталуы: күз 

Өтінімді қайда беру керек? 

Таңдаған бағдарламаңыздың сайтында 

Құжаттар пакетіне не кіреді? 

  • Өтінім формасы 

  • Уәждеме хат 

  • Қосымшасы бар диплом 

  • Ағылшын тілін меңгеру ресми сертификаты (IELTS, TOEFL) 

  • түйіндеме 

  • ұсыныс хаттар 

Құжаттар пакеті әр бағдарламаға байланысты.  

Іріктеу критерийлері 

Әр бағдарламаға байланысты. 

Әдетте, ағылшын тілі деңгейі, GPA, т. б. 

EMJM бағдарламасы жайында 

https://erasmus-plus.ec.europa.eu/opportunities/opportunities-for-individuals/students/erasmus-mundus-joint-masters-scholarships 

EMJM бағдарламасының каталогы 

https://www.eacea.ec.europa.eu/scholarships/erasmus-mundus-catalogue_en