Егер сіз ЖОО студенті не қызметкері (ПОҚ, ӘБҚ) болсаңыз, онда Халықаралық кредиттік ұтқырлық (ХКҰ) жобаларына қатыса аласыз. ХКҰ жобалары аясында қазақстандық студенттер ЕО мүше-елдердегі немесе Бағдарламаға байланысқан үшінші елдердегі серіктес ЖОО-ларда білім ала алады немесе тағылымдамадан өте алады. Ал қызметкерлер серіктес университетте сабақ бере алады не біліктілікті арттыру курстарын өте алады. ХКҰ аясында келесі әрекеттер жүзеге асады.
Студенттердің оқу ұтқырлығы
Студенттердің тағылымдама/практика өту ұтқырлығы
Қызметкерлердің сабақ беру ұтқырлығы
Қызметкерлердің біліктілікті арттыру ұтқырлығы
Ұтқырлық
|
Ұзақтығы
|
Жол жүру шығындарын қамту
|
Жеке қолдау
|
Студенттер ұтқырлығы |
2 – 12 ай |
28 – 1735 еуро (елге байланысты) |
айына 800 – 900 еуро (елге байланысты) |
Студенттер ұтқырлығына кез келген бағдарлама мен кез келген деңгей студенттері (бакалавриат, магистратура, докторантура) қатыса алады. Шет елдегі оқу мерзімі студенттің Қазақстандағы жоғары оқу орнындағы оқу бағдарламасының бөлігі болуға тиіс. |
|||
Қызметкерлер ұтқырлығы |
5 – 60 күн Серіктес университетте сабақ беру мақсатындағы ұтқырлық: аптасына кем дегенде 8 сағат. |
28 – 1735 еуро (елге байланысты) |
14 күнге дейін: күніне 148 -190 еуро (елге байланысты).
|
ЖОО студенттері мен қызметкерлері грант алуға тікелей өтінім бере алмайды. ХКҰ жобаларына қатысамын деушілер ЖОО-ның халықаралық департаментіне немесе ұтқырлық бағдарламаларына жауапты бөлімге хабарласуы керек. Себебі ХКҰ студент білім алып жатқан немесе қызметкер жұмыс істеп жатқан қазақстандық ЖОО мен ЕО мүше-елдегі немесе Бағдарламаға байланысқан үшінші елдегі серіктес ЖОО арасындағы институтаралық келісім аясында жүзеге асады. ХКҰ қатысушылар конкурстық негізде іріктеледі. Ұтқырлық бағдарламаларына қатысу талаптарын білу үшін қазақстандық ЖОО-ның халықаралық департаментіне немесе ұтқырлық бағдарламаларына жауапты бөлімге хабарласу қажет. |