«Erasmus+ бағдарламасы аясында қазақстандық жоғары оқу орындарына арналған мүмкіндіктер» тақырыбына ақпараттық сессия

2026 жылғы 19 ақпанда Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының бастамасымен «Erasmus+ бағдарламасы аясында қазақстандық жоғары оқу орындарына арналған мүмкіндіктер» тақырыбында университеттерге арналған онлайн ақпараттық сессия өтті. Іс-шараны Қазақстандағы Ұлттық Erasmus+ кеңсесінің үйлестірушісі Лаура Палуанова жүргізді. Іс-шара барысында Erasmus+ бағдарламасына шолу жасалып, оның негізгі бағыттары мен басымдықтары, жоба өтінімдерін бағалау критерийлері және бәсекеге қабілетті ұсыныстарды әзірлеу бойынша ұсынымдар берілді. Сұрақ-жауап сессиясында келесі мәселелер талқыланды:

  • жобалық өтінімдерді әзірлеу кезіндегі жиі кездесетін қателіктер, қажеттіліктерді талдауға, жобаның логикалық құрылымын сақтауға және бюджетті жоспарлауға ерекше назар аудару қажеттілігі;
  • ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің жоғары білім әлеуетін арттыру (ЖБӘА) жобаларына қатысуы, серіктестік пен бірлескен жұмыстың негізгі аспектілері;
  • басқа ұйымдардың ЖБӘА жобаларына серіктес немесе үйлестіруші ретінде қатысу мүмкіндіктері.

Ақпараттық сессияға бағдарламаға жоғары қызығушылық танытқан әртүрлі жоғары оқу орнынан 47 өкіл қатысты. Нәтижесінде қатысушылар Erasmus+ бағдарламасының мүмкіндіктерімен тереңірек танысып, NEO KZ үйлестірушісінен жобалық өтінімдердің сапасын арттыруға қатысты ұсынымдар алып, өз сұрақтарына жауап алды.

NEO KZ іс-шараны ұйымдастырған Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығына, сондай-ақ барлық қатысушыға белсенді қатысып, қызығушылық танытқандары үшін шынайы алғысын білдіреді.

Image