Ахмет Ясауи Университетінде Ғылым айлығы аясында бірқатар маңызды ғылыми іс-шара өтті. 2026 жылғы 27-30 сәуір аралығында профессор-оқытушылар құрамы мен жас ғалымдардың кәсіби әлеуетін арттыруға бағытталған семинарлар сериясы және Erasmus+ бағдарламасына арналған ақпараттық әрі тәжірибелік сессия ұйымдастырылды.
Erasmus+ сессиясы 29-30 сәуір күндері өтті. Іс-шараны Қазақстандағы Erasmus+ ұлттық кеңсесінің үйлестірушісі Лаура Палуанова жүргізді.
Семинар барысында қатысушылар:
Сонымен қатар пайдалы ресурстар ұсынылып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.
Бағдарламаның екінші күнінде Erasmus+ жобаларына халықаралық серіктестер іздеу мәселелері қарастырылып, практикалық жаттығулар ұйымдастырылды. Қатысушылар консорциум құру және жоба серіктестерін анықтау бойынша тәжірибелік тапсырмалар орындады.
Семинар аясында Erasmus+ бағдарламасының Жоғары білім әлеуетін арттыру (ЖБӘА) бағытына ерекше назар аударылды. Қатысушылар ЖБӘА-ның мақсаты, басым бағыттары, 2026 жылғы конкурс аясындағы өзгерістер, бағыттар арасындағы айырмашылықтар және консорциумдарға қойылатын талаптар туралы жан-жақты мәлімет алды.
Практикалық бөлімде қатысушылар ЖБӘА бағыттары мен консорциум құрамдарындағы қателерді анықтап, жоба өтініміне негіз болатын мәселені айқындауды пысықтады.
Іс-шара Erasmus+ бағдарламасы аясындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, университеттің жоба өтінімін жазу әлеуетін арттыруға және оқытушылар мен қызметкерлердің кәсіби құзыреттерін нығайтуға мүмкіндік берді.
Шара соңында Ғылым департаментінің директоры Хайрулла Масадиков университет басшылығы атынан құнды ақпаратпен бөліскен барлық спикерлерге алғыс хаттар табыстады.